2025 жылғы 1 тоқсандағы Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта мерзімді даму бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

 

 

 

 

2025 жылғы 1 тоқсандағы Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта мерзімді даму бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

 

2025 жылы әлеуметтік төлемдерге жоспарланған 1 миллиард                            455 миллион 355 мың теңге қаражаттың 161027,0 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспардан бюджеттің атқарылуы 11,0% құрады.

 Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес  бөлім мамандарымен Мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.

2025 жылғы 01 сәуірге бөліммен 1142 қызмет көрсетілді.

2025 жылы ауданда 2504 жұмыс орынын құру жоспарланған, оның ішінде 1348 тұрақты, 1156 уақытша.

2025 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында аудан бойынша 902 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 805 уақытша), бұл жылдық жоспардың 36,0  пайызын құрады.

Еңбекші көшіп келушілерге (мигранттар) 20 рұқсат берілді.

Бекітілген квотаға сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 4 адам және мүгедектігі бар адамдар үшін квота бойынша 6 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына                         (5200 отбасы мүшелеріне) 906 миллион 614 мың теңге жоспарланған.

Ағымдағы жылдың үш айында атаулы әлеуметтік көмек 440 отбасына, оның ішінде 2165 адамға 91259,0 мың теңге тағайындалып төленді.

2024 жылдың үш айымен салыстырғанда, бүгінгі күні атаулы әлеуметтік   көмек алушылар саны 188 отбасыға азайып, атаулы әлеуметтік көмекке  төленетін  сомма 30435,0 мың теңгеге үнемделді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 91 миллион 813 мың теңге жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 337 отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5898 теңге) барлығы ағымдағы жылдың үш айында 337 отбасы, оның ішінде 583 балаға  10188,7 мың теңге қосымша төлем төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800-ден астам әлеуметтік көмек алушыларға                     89 миллион 190 мың теңге жоспарланған.

Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 78 балаларына  тамақтануы үшін  жыл басынан 3354,0 мың теңге төленді.

Жетісу облысы әкімінің 2024 жылғы 06 маусымдағы №173 қаулысына сәйкес, маусым айынан  бастап бала-бақша ақысы 3 жасқа дейінгі балаларға 16,0 мың теңге және 4 жастан жоғары балаларға 17,0 мың теңгені құрайды. 

Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына  шалдыққан  тіркеуде тұрған                 24 азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 7 АЕК мөлшерінде, яғни 27524 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 3 айға 1761,5 мың теңге төленді.

АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан 832,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмек 39 адамға 5850,0 мың теңге (1 адамға 150 000 теңге) төлем жүргізілді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу  мемлекеттік қызметі бойынша – 4247,0 мың теңге, жыл басынан 39 адамға жәрдемақы тағайындалып, 1227,0 мың теңге төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына 243 миллион 666 мың теңге жоспарланған.

Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1214 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 190, I  топтағы жандар 95 адам, II топтағы жандар 506 адам,  III – топтағы азаматтар 423 адам).

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 381 өтініш қабылданды. Оның ішінде 28 мүгедек протездік-ортопедиялық көмекпен, 6 мүгедек сурдотехникалық, 8  мүгедек тифлотехникалық, 9 мүгедек  қол-арбамен, 187 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен, 83 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 14 мүгедек тіл мамандарының қызметімен, 46 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілуде.

Ағымдағы жылы  83 жеке көмекшінің жалақысына 20 миллион 433 мың (оның ішінде 80 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 3 адам  жеке тұлғалар ретінде) және 1 топтағы мүгедектігі бар 14 адам ымдау тілі маманының жалақысына 1211,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Барлығы 51499,0 мың теңге жұмсалды.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың  31 наурызына 2405,0 мың теңгесі игерілді.

Мүгедектігі бар 41 адамның барлығы 1607 өтінімі қанағаттандырылды ("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының      қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға ауданда жоспарланған 19 объект (9 денсаулық сақтау, 3 мемлекеттік мекемелер, 7 білім).

2025 жылы әлеуметтік төлемдерге 1 миллиард 455 миллион 355 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда, оның ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 906 миллион 614 мың теңге;

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 91 миллион 813 мың теңге;

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800 ден астам алушыға 89 миллион 190 мың теңге;

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының амандарына отын сатып алу үшін 17 миллион 183 мың теңге;

Үйден тәрбиеленіп оқытылытын мүгедек балаларды материалдық қамтамасызщ ету – 4247,0 мың теңге;

200 адамға тұрғын үй көмегіне 21 миллион 046 мың теңге;

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға 243 миллион 66 мың теңге;

Инватакси қызметі  9 миллион 623 мың теңге.

Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2023 жылы 4,9% құрады, ал 2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендейді деп жоспарлануда.

2025 жылы 2500-ге дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ұйымдардың өз қаражаты, тікелей отандық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

 

Дата публикации
05 апреля 2025