"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6-тармағына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Қаратал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округінің шекаралары болып Қаратал ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары белгіленсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы А. Истыбаеваға жүктелсін.