Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
  2. "Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Қасымжановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
04 марта 2025