«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаратал ауданының немесе оның бір бөлігінің бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу Ережесі», осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Апековқа жүктелсін.