2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында темекі шегудің, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу, жастар мен қоғамның арасында қайырымдылық мәдениеті мен аудан жастарының сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру. «Жастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтар» бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. |
1000,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Жастар, студенттер
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру , жастар мен қоғамның арасында қайырымдылық мәдениеті мен аудан жастарының сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру мақсатында жалпы аудан жастарымен жалпы кездесулер, семинарлар,тренингтер өткізу, бүктемелер тарату. |
|
2 |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, отбасы құндылықтарын насихаттау. |
2000,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Аудан тұрғындары, жас отбасылар, жастар, студенттер. |
Отбасы құндылықтарын насихаттауға, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға бағытталған “Ұлдар кеңесі” мен “Қыздар кеңесі” кездесуін ұйымдастырып өткізу. Отбасы институтын мен репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталған дөнгелек үстелдер, акциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық «Мерейлі отбасы-2025» байқауын ұйымдастырып өткізу. |
|
3 |
«Құмар ойынның құрбаны», «Лудомания-қоғам дерті», «Суицидтің біріңғай тәсілдері, проблемалар мен шешу жолдары» бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
|
1000,0 |
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы |
Жастар, студенттер
|
«Құмар ойынның құрбаны», «Лудомания-қоғам дерті», «Суицидтің біріңғай тәсілдері, проблемалар мен шешу жолдары» бойынша іс-шараларды ұйымдастырып өткізу. Ауданның орта, арнаулы орта, техникалық және кәсіптік білім білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттер үшін спикерлердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу. Аудан аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында мектеп директорларының орынбасарлары мен психолог мамандарының, аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторларының қатысуымен «Құмар ойынның құрбаны», «Лудомания-қоғам дерті», «Суицидтің біріңғай тәсілдері, проблемалар мен шешу жолдары» тақырыптарында кездесулер, семинарлар өткізу |
2024 жылғы «24» желтоқсан жағдайы бойынша