«Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет

 «Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет

    Бюджет

    Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің салық жоспары 2 млрд. 842,9 млн. теңге, орындалуы-3 млрд. 098,8 млн. теңгеге немесе 109,0%.

          2024 жылы бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 7 млрд. 353,7 млн. теңге, кассалық игерілуі-7 млрд. 259,6 млн. теңге немесе 98,7 пайызға орындалды.

 

Қаратал ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

           

Мемлекеттік сатып алу

Қаратал ауданының бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы ашық конкурс тәсілімен өткізілетін 2024 жылға арналған жобалардың жалпы саны 131 конкурсты құрады. Оның ішінде: 131 жоба аяқталды, 0-жоба жарияланды, 0-Өтінімдерді қарау, 0-Шағымдануда,  0-камералдық бақылауды растауда, 0-жоба жарияланған жоқ.

 

 

 

 

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Қаратал ауданы бойынша 2024 жылы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері 60,8 млн теңгеге төленді. Сонымен қатар, көтерме жәрдемақыға 9,9 млн теңге бөлінді, бюджеттік несие 50,8 млн. теңге құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығына сәйкес көтерме ақы мөлшері 100 АЕК (3692 тенге), бір жолғы әлеуметтік көмек 369 200 теңгені құрайды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік несие айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшері 7 млн 384,0 мың теңгені құрайды.

Жалпы 34 адам әлеуметтік қолдау алды, оның ішінде көтерме жәрдемақыға 27 адам және 7 адам бюджеттік несие алды.

Білім беру саласында 26 адам алды (көтерме жәрдемақы 21, бюджеттік несие 5).

Денсаулық сақтау саласында 2 адам көтерме жәрдемақы алды.

Мәдениет саласында 1 адам көтерме жәрдемақы алды.

Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 4 адам (көтерме жәрдемақы 3, бюджеттік несие 1).

2025 жылға арналған ең төменгі есептік көрсеткіштер: 3932 теңге

- көтерме жәрдемақы 393200 теңгені құрайды.

- бюджеттік несие 7 864,0 мың теңге.

 

  Коммуналдық меншікті беру бойынша 17 қаулы әзірленіп, орындалды.

  Аукцион арқылы мемлекеттік органдардан түскен өтінімдер бойынша 10 автокөлік сатылды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 января 2025