«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту
және спорт бөлімі» ММ-нің 2024 жылдың 12 ай аралығында
атқарған жұмыстары туралы ақпарат
-Қаратал ауданына қарасты 1 қала, 9 ауылдық округ, 35 елді мекен бар.
-Халық саны – 40 686. 30-дан аса өзге ұлт өкілдері тұрады.
-Этномәдени бірлестіктер саны – 5 (славян, кәріс, шешен, неміс, күрд).
-Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер саны – 14.
-Діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының саны – 25 (17 ислам мешіті, -1 орыс православ шіркеуі, 7 протестанттық шіркеулер).
-Бұқаралық ақпарат құралдарының саны – 2 (Қаратал, Бастау).
-Белсенді блогер саны - 2 (Д.Перлов, Е. Полкеевич).
-Қызмет атқаратын партиялар саны – 3 («AMANAT» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы).
– 9, алдын-ала есепке ұсынылғандар саны – 9). Жастар саласы
-Жастар саны – 10659 (ауылдарда - 4205, қалада - 6454).
-Жұмыссыз жастар саны – 110, Neet санатындағы жастар саны – 11, колледжде білім алатын (БСТК) студенттер саны – 299.
Мәдениет саласы
Мәдениет мекемелерінің желісі – 23.
Оның ішінде: мәдениет үйлері мен клубтар – 13 (Аудандық, Бастөбе, Ескелді, Көкпекті, Қанабек, Көпбірлік, Алмалы, Жаңаталап, Қаражиде, Жылыбұлақ, Қарақұм,Кәлпе, Мылқаулар қоғамының клубы).
Кітапхана - 10 (Аудандық, Балалар, Ескелді, Алмалы, Қаражиде, Тастөбе, Жаңаталап, Көкпекті, Қанабек, Көпбірлік).
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлер саны – 68.
Оның ішінде: мәдениет үйлері мен клубтарда - 45 адам (мәдениет қызметкері-23, кітапханаларда – 23 (21 кітапханашы).
Үйірмелердің саны – 69, қатысушылар саны – 758.
«Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар ұжымдар саны – 4, қатысушылар саны – 115.
Кітап қоры – 205731, оқырмандар саны – 13249, келушілер саны – 97230.
Кітап берілімі – 177455, жаңа түскен әдебиеттер саны – 2280.
Тарихи және мәдениет ескерткіштердің саны – 36 (жергілікті маңызы бар – 18, алдын-ала есепке алу тізімінде
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының 4 отырысы өткізілді. Терроризм актісі жасалған немесе қауіпті туындаған жағдайда, төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы тұрғындарға жеткізілетін іс-қимылдар алгоритмінің орындалуы барлық қала, ауыл округ мекендерінде алгоритімнің орындалуы тұрақты бақылауға алынған. Тұрғындарды әлеуметтік желі және жергілікті БАҚ құралдары арқылы хабарландырулар беріліп тұрады. (Әлеуметтік желіге 35 бейне материал, БАҚ беттеріне 12 мақала жарияланды).
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жағдайы аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс жоспарға сәйкес 4 отырыс жүргізілді.
Деструктивті діни ағым идеологиясын болдырмау мақсатында ауданның білім мекемелерінде – 25, түсіндіру тобының кездесулері өткізілді.
2024 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа барлығы 4.5 млн. теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша конкурс жарияланды. Биылғы жылға 1.Қаратал ауданының тұрғындары арасында экстремизм және терроризмнің алдын алу жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізуге 1,500 000, 2. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 1,500000, Жастар арасында сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру. Жастар арасында Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын жандандыруға -1,500000 теңге қаражат бөлінді. Тиісті жұмыстар жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Жетісу облысындағы мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле-радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру конкурсы ойнатылып, қорытындысы бойынша Қаратал ауданында 122402 ш.см мемлекеттік тапсырысты үміткерлер арасында бөлінді. Жоғарыда аталған БАҚ-тармен келісім шарт жасалынды. Адина-Соль қосымша келісім шарт 2 айға 682698 теңге, Қаратал газеті ЖШС 669044 теңге.
Медиа жоспар бойынша БАҚ беттеріне 100 мақала жарияланды. Әлеуметтік желіге жағымды 161 материал 40 жағымсыз материал шықты.
Жыл басынан жастар саясаты бойынша – 75 іс-шара өткізілді. Оның ішінде қайрымдылық, көмек көрсету акциясы – 23, спорттық бағытта – 37, патриоттық бағытта – 9 діни бағытта 15 кездесу, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі -2, мәдени бағытта – 5, сыбайлас жемқорлыққа қарсы – 10, құқық бұзушылық бойынша – 5, жалын рейд - 5 іс-шара өтті. Жалпы өткізілген шараға 4865 жастар қамтылды.
Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңестің 4 отырысы, Мемлекеттік жастар саясаты іс жөніндегі кеңесінің – 4 отырыс, 6 дөңгелек үстел, ҚР Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдау кеңесінің 4 отырысы, 7 акция, 4 интеликтуалдық ойын, 5 кездесу. Азаматтық қоғам институттары мен қарым қатынас жөніндегі кеңес- 3 отырыс, 5 кездесу жұмыс жоспарға сәйкес ұйымдастырылып өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобымен 23- іс шара өткізілді дөңгелек үстел - 6, кездесу -3 , семинар -2, акциялар -4, спорттық іс шаралар – 8.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға, этнос аралық қақтығыстарға әртоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Қажетті ақпарат аудан әкімдігі мен облыстық қоғамдық даму басқармасына жіберіледі.
Мәдениет және тіл саласы
Аудан көлемінде өткізілетін атаулы даталар мен басқа мерекелік шаралардың 15 өткізілді.
«15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл», «1 наурыз Алғыс айту күні», «8-наурыз халықаралық әйелдер күні», «22-наурыз мейрамы» «Көрісу күні-Амал мерекесі». «Шаңырақ күні», 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» , «7 мамыр Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр Жеңіс күні», «31 мамыр құғын сүргін құрбандарын еске алу күні».«1 маусым балаларды қорғау күні», «4 маусым Рәміздер күні», «Полиция күні», «Мемлекеттік қызметшілер күні», «Бұқаралық ақпарат құралдары күні» «30 тамыз Конституция күні», «1 қыркүйек білім күні», «Еңбек күні», «Қарттар күні», «Ұстаздар күні», «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні», «Ауылшаруашылық күні», «Энергетика күні» «Жаңа жыл», «Тәуелсіздік күні», «Ұлттық валюта күні», «Кітапханашылар күні», «Республика күні», «Орман шаруашылығы қызметкері күні», «Прокуратура күні», «Архивші күні»,Балпық бидің 330 жылдығына арналаған конференция өткізілді.
Аудан өнерпаздары республика, облыс, аудан көлемінде өткізілген конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Республикалық байқаулар- 7 бірінші орын жүлде, облыстық байқаулар 5 бас жүлде, 4-бірінші орын.
ХІ Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "Әр бала-Жұлдыз" атты өнер байқауында жүлделі І орын Жексенбек Айзере, Кәусар Нұртай, Қазына Аналхан, ІІІ-орын Анастасия Леонова, Айша Әлібекқызы иеленді. Астана қаласында «IAF» халықаралық өнер фестивалінің аясында өткен «SHASHU» республикалық байқауында Каир Диас бас жүлде иеленіп Түрік Республикасының Бартын қаласында өтетін Халықаралық фестиваліне жолдама алды. Сонымен қатар І орын Жексенбек Айзере иеленіп лауреат атанды. Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Гүлденген қызғалдақтар» атты Халықаралық би конкурсында Қаратал ауданының «Алтынай» үлгілі би ансамблі «Қазақ биі» номинациясы бойынша үлкен топ «Өрнек» биі жүлделі І-орын, «Қазақ биі» номинациясы бойынша кіші топ «Шаттық» биімен І-орын, «Қазақ биі» номинациясы бойынша орта топ «Алтынай» биімен І-орын иеленіп дәрежелі лауреаты дипломымен марапатталды.
Жыл бойына мемлекеттік тілді дамытуға жергілікті бюджеттен 1280,0 мың теңге бөлінді. Тілдерді дамыту бағдарламасы аясында өтетін байқауларды, іс шараларды жоспарға сай ұйымдастыру барысында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша облыстық байқаулар – 7 жоспарланған 7 байқау өткізілді, «Тіл тазалығын сақтайық» 8 акциясының 8 өткізілді. дөңгелек үстел- 8, кездесу кештері- 10, акция – 5. «Жарнама тіл тазалығының айнасы» атты облыстық байқауда Қаратал ауданы 3 орын, «Жүсіп Аймауытовтың 130 жылдығына арналған облыстық байқауда Бас жүлде.
Тіл және ономастика жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді.
Аудандық кітапхана ғимаратының құрылысын жүргізу үшін Үштөбе қаласы Абылайхан даңғылы № мекен жайында орналасқан бос жер учаскесінің жер актісі дайындалды.
Ескелді және Жанаталап ауылдарына блогты модульды құрылғыдан 2 мәдениет үйі салынып қолданысқа берілді. Ескелді және Жанаталап ауылдарындағы блок модульдік клубты Qaz Damu Construction» жауапкершілігі шектулі серіктестігімен әр клубқа 117 600 000 млн теңгеге келісім шарт жасасты.
Қарақұм ауылдық клубы бойынша ағымдық жөндеу жұмысына 19126 млн теңге қаражат бөлінді. «Dimash -777» ЖШС 15491 млн тг ұтып алып қажетті ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Спорт саласы
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 15 спорт түрімен 1002 спортшы шұғылданады.Сондай-ақ, 2021 жылы «Қаратал ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ ашылды.Спорт нұсқаушыларының жалпы саны 2024 жылға 16 бірлікті құрайды.
ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Қазіргі таңда Қаратал ауданында ұлттық спорт түрінен 86 секция (оның ішінде ауылдық жерлерде 86) бар. Оларда 1460 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады (оның ішінде 909 ауылдық жерде), бұл аудандағы жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 8,8% қамтиды.
МҮГЕДЕКТЕР СПОРТЫ
Мүгедек спортшыларға арналған спорт түрлері бойынша айналысатын адамдар саны 25 (оның ішінде 3 ауылдық жерде ) құрады. Бұл аудандығы жалпы спортпен шұғылданатын халық санының 0,15% құрады.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШТАТТЫҚ КАДРЛАРЫ
Қазіргі уақытта ауданда 128 штаттық дене шынықтыру және спорт қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде 79 қызметкер, ал әйел қызметкерлердің саны 11-ге тең. 2023 жылмен салыстырғанда 6 штаттық кадрға аз, оның ішінде «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімі бар 6 адамға азайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары басқа жұмысқа ауысуына байланысты 1 адамға азайды. Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар штаты 2 адамға және спорт бойынша нұсқаушылар штаты жұмыс уақытының қысқартылуына байланысты 1 адамға азайды. Жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлері жұмыс орнының ауыстыруына байланысты 2024 жылы 2 адамға азайды. Жалпы білім беру ұйымдары 2023 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке азайды. Оның ішінде Үшкөмей орта мектебі мен Ұмтыл бастауыш мектебі бала саны аз болғандықтан, Ескелді ауылының Р. Қошқарбаев орта мектебі мен Жаңаталап орта мектебінің ғимаратына көшті.
2023 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының көрсеткіштері былайша өзгерді: спорттық инфрақұрылымдар саны 4-ке көбейді, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 750 адамға өсті; Жалпы білім беру ұйымдарында спортпен жүйелі түрде айналысатын адам саны 178 адамға азайды, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 320 адамға азайды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 110 адамға , спорт ғимараттары базасындағы мекемелер мен ұйымдарында 1050 адамға, басқа мекемелер мен ұйымдарда 88 адамға көбейді.
Аудан аумағында дене шынықтыруды және спортты дамытуды қамтамасыз ету, жастарды еңбекке, салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың белсенді демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық спорт түрлерінен аудан құрама командаларының және жеке спорт түрлері бойынша республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткізілді футзал-25, волейбол -30, «Қаратал бөрісі-2024»-1, гір көтеру-20, дзюдо-10, тоғызқұмалақ – 40, қол күрес-35, арқан тартыс-15, баскетбол – 15 жарыстар өткізілді.
Қаратал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бөлім басшысы А.Алпысбаевтың төралығымен аудандық футбол, волейбол және баскетбол спорттық федерация президенттерінің сайлауы өтті. Футбол федерациясының президенті Жексенбиев Серікжан Бақытұлы, волейбол федерациясының президенті Толеубеков Саят Исатайұлы, баскетбол федерациясының президенті болып Юн Виктор Дмитриевич сайланды.
Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2011 жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жетісу облысының турнирі өтіп, ауданымыздың спортшылары жүлделі орындарды иеленді, нақтылай кетсек I орын: Сүттібай Үлжан, Рамазан Ғалым, Муканова Албина,Қарқынбай Ақжол, II орын: Советбай Ұлағат, Жанат Сұнқар, III орын: Жағыпар Аңсар, Серікжан Мирас, Қарқымбай Азиз, Жомартұлы Алихан, Керім Азамат, Құрметхан Мухамет, Дархан Алихан, Түрсынбек Азамат.
Тоғызқұмалақтан Жетісу облысының ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облысымыздың барлық өңірлерінен келген 80 спортшы қатысып өз бақтарын сынады. Жарыстың қорытындысына сәйкес Рапит түрінен ауданымыздың спортшысы Советбай Ұлағат III орын иеленсе, Блиц түрінен ауданымыздың спортшылары Советбаев Сұңқар I орын, Абдимуратов Бауыржан II орын иеленді
Ескелді ауылының тау бөктерінде мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты қысты деңсаулық фестивалі өтіп, аталған іс-шараға ауданның барлық бюджеттік және мемлекеттік мекемелер қатысты. Деңсаулық фестивалінде концерттік бағдарламамен қатар, спорттық іс-шаралар (өрге жүгіру, шанамен жүгіру, арқан тартыс, гір көтеру, шағын футбол, толағай жарыс) өтті.
"Панда" спорт кешенінің дзюдо залында 2009-2011, 2012-2014 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан Қаратал ауданының ашық турнирі өткізілді. Сарқан ауданы, Сарқан қаласында өткен шаңғы жарысынан Жетісу облысының чемпионатында Қаратал ауданының спортшылары қатысып, өз бақтарын сынады.«Гір тасын көтеруден» Қаратал ауданының чемпионаты өтті, аталған жарыста жеңіске жеткен спортшылар арнайы диплом және медальдармен марапатталды.
Үштөбе қаласында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері арасында футзалдан дәстүрге айналған "Түнгі лига-2024" атты турнирі өтті. Жарысқа 4 команда (аудандық полиция бөлімі, желілік полиция бөлімі, Қаратал ауданының әкімдігі және Қаратал ауданының орталық ауруханасы) қатысып, нәтижесінде I орынды аудандық полиция бөлімі, II орын Қаратал ауданының әкімдігі, ал III орынды желілік полиция бөлімі иеленді.
Талдықорған қаласында өткен баскетбол және 3х3 баскетболдан ерлер, әйелдер және спорт ардагерлері арасында Жетісу облысының чемпионатында Қаратал ауданының командасы қатысып, жалпы командалық есепте 5 орынға ие болды. Сонымен қатар Талдықорған қаласында волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Жетісу облысының чемпионатында ауданымыздың спортшылары өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 5 орынға ие болды.
Талдықорған қаласының ипподромында Ұлттық ат спорты (көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілу) түрлерінен Жетісу облысының чемпионаты өтіп, ауданымыздың спортшылары қатысты. "Көрісу күні- Амал мерекесі" күніне орай Қаратал ауданы, Жолбарыс батыр ауылдық округі, Кәлпе ауылында ұлттық спорт түрлерінен, яғни қошқар көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және гір көтеруден жарыстар өтті.
Үштөбе қаласы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан әйелдер арасындағы Қаратал ауданының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 6 команда қатысты. Ұзаққа созылған тартысты ойын барысында III орынға "Білім бөлімі" командасы, II орынға "Алдияр" командасы, ал жүлделі I орынға "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" командасы ие болды. Кәлпе ауылында мемлекеттік және бюджеттік мекемелер арасында футзалдан «Түнгі лига-2024» атты кезекті турнирі өтіп, I орынға Жолбарыс батыр ауылдық округі, II орынға Қаратал ауданының бұқаралық- спорттық іс-шараларды өткізу орталығы, III орынға Қаратал ауданының әкімдігі ие болды.
Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» Республикалық турниріне Жетісу облысының «Жетісу барысы» іріктеу турнирі өтті. Аталған жарысқа Қаратал ауданынан 2 палуан, яғни Хосен Оглы Дурсун және Қадыров Әмір қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде Қаратал ауданының палуаны Хосен Оглы Дурсун жүлделі 2 орынға ие болды.
23 мамыр күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының шағын футбол алаңында мемлекеттік және білім беру мекемелері арасында шағын футболдан Қаратал ауданының чемпионаты өткізілді. 28-31 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласы, «Жастар» спорт сарайында Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы II спартакиадасы өтті. Жарыс нәтижесінде Қаратал ауданы жалпы командалық есепте 13 мемлекеттік мекемелер арасында 6 орынға орналасты. Әйелдер арасындағы 50 м еркін жүзуден Сейтказинова Ләззат І орын, ерлер және әйелдер арасындағы 3 х 50 м эстафета микс жүзу түрінде Қаратал ауданының командасы жүлделі І орын, Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы спартакиадасында Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы I орынды, ал «Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» ММ-нің басшысы Кәкімов Данияр Төкенұлы 2 орынды иеленді. Нәтижесінде тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша Қаратал ауданының командасы жүлделі 3 орын алды. Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы спартакиадасында қазақ күресінен 74 келі салмағында Бәйшегір ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бейсеков Олжас 3 орынды және +90 келі салмағында Айту би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дүйсенбаев Қуаныш 3 орынды иеленді.
2024 жылдың 1 маусым күні Талдықорған қаласында өткен «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен «Әкем, Анам және мен спорттық отбасы» атты облыстық кешенді отбасылық жарысында Қаратал ауданының командасы 1 орынға ие болды.Дәл осы 1 маусым күні Ағайынды Анацкийларды еске алуға және үлкен футболдан жазғы маусымашарға арналған Қаратал ауданының ашық турнирі өткізіліп, аталған турнирде «Кәлпе», «Бақыт – Қаратал», «ЛОВД», «Қанабек», «Үштөбе», және Көксу ауданынан «Жетіжал» командалары бақ сынасты. 1 орынға «Бақыт – Қаратал», 2 орынға «Кәлпе», 3 орынға «Үштөбе» командалары орнықты.
2024 жылдың 3-9 маусым аралықтарында Көксу ауданы, Балпық би ауылында өткен 18 жастан асқан ересектер арасындағы футболдан «Спорт есірткіге қарсы» атты Жетісу облысының чемпионатына Қаратал ауданының құрама командасы қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы «М. Горький» атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Батханов Аманай Астана қаласында өткен Бочча Қазақстан Республикасының 3-ші чемпионатында командалық ойында 2-орын, жұптық ойында 1 орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 11 маусым күні Үштөбе қаласы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Әкелер күні» мерекесіне орай «Әкем, Анам және мен спорттық отбасы» атты аудандық отбасылық жарыс өткізілді. Тартысты ойындардың нәтижесінде 3 орынды «Тұлпар», 2 орынды «Еркебаевтар әулеті», 1 орынды «Алау» командасы иеленді. Сонымен қатар, 11 маусым күні Қаратал ауданында пробацияға тіркелген есебінде тұрған тұлғалар арасында «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» атты шағын футбол турнирі өтті.
«Әкелер күні» мерекесіне орай шағын футболдан «Спорттық отбасы» атты аудандық турнирі өтті. Нәтижесінде 1 орынды Жолбарыс батыр ауылдық округінен шыққан «Сатаевтар әулеті», 2 орынды Бастөбе ауылдық округінен шыққан «Даутовтар» әулеті, 3 орныды Үштөбе қаласы «Сүлейменовтер» әулеті иеленді
Талдықорған қаласында өткен шағын футболдан Жетісу облысының «Аталас» жанұялық командалар арасындағы жарысында Қаратал ауданының отбасылық командасы жүлделі 2 орынға ие болды.
Көпбірлік ауылында заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Екі қабатты жаңа спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы құрылған. Аталған нысан 240 шаршы метрді құрайды. Онда күрес, волейбол, баскетбол спорт түрлерінен секциялар ашылған.
Талдықорған қаласында өткен «Толағай» алыптар сайысының ересектер арасында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жетісу облысы бойынша іріктеу жарысына Қаратал ауданының спортшысы Какенов Саят қатысты.
Қаратал ауданының ұлттық ат спортының жаңашырлары мен аудан азаматтарының демеушілік көрсетуімен, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының атшабарында ұлттық спортты дамыту мақсатында облыс көлемінде «Алтын тай – 2024» атты ат бәйгесі өткізілді. Бәйгеге жалпы есепте 200-ге жуық сәйгүлік қатысты.
«Жастар» орталық стадионында «Әкем, анам және мен – шынығамыз спортпен» тақырыбында отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді. Аталған жарысқа ауданымыздың 4 отбасы қатысты.
Баскетболдан ерлер командалары арасында Қаратал ауданының чемпионаты.
25 қазан-Республика күніне арналған грек-рим күресінен 2010, 2011, 2012 және 2013, 2014, 2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қаратал ауданының ашық турнирі өткізілді. Турнирде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Қырғыз Республикасынан 200-ге жуық балуан бақ сынады.
Ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күндері аралығында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында 5-6, 7-8, 9-10-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Қаратал ауданының командалық чемпионаты өтті.
Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылғы спорт саласының рейтингіне еңгізілген спорттық іс-шаралар қорытындысы бойынша Қаратал ауданы 2 орынға ие болды.