«Қаратал ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы жазбаша есебі

 «Қаратал ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің               2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы жазбаша есебі

 

Өнеркәсіп

          2024 жылға жоспар 3935 млн. теңге, индекс көлемі 65 пайыз.         

          Жыл қорытындасы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4420 млн. теңгені құрады, индекс көлемі 72,1 пайыз.

          Төмендеу себебі «Kazsilikon» ЖШС-нің өндірісін тоқтауы, сондай-ақ «Прогресс СМ» ЖШС кәсіпорнында профильдік өнімге тапсырыстардың азаюы және  «Бақыт и К» ЖШС тұз өндіруді уақытша тоқтатуы.

Бөлшек тауарайналымы

          2024 жылға жоспар 8056 млн. теңге, индекс көлемі 100 пайыз.

          Жыл қорытындасы бойынша бөлшек тауарайналымының көлемі 14115,1 млн. теңгені құрады, индекс көлемі 100 пайыз.

Инвестиция

         2024 жылға әлеуметтік - экономикалық бағдарламаға сәйкес 24,3 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бюджеттен тыс инвестиция сомасы 8,5 млрд. теңге, бюджеттік инвестиция 15,8 млрд.  теңге.

          Жыл қорытындасы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 21,8 млрд. теңгені құрады, 2023 жылмен салыстырғанда индекс көлемі 92,3 пайыз (2023 ж. 20,5 млрд. теңге), оның ішінде бюджеттік 12,5 млрд. теңге, бюджеттен тыс инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңге немесе 2023 жылмен салыстырғанда 91,9 пайыз (2023 ж. 10,1 млрд. теңге). Бюджеттен тыс инвестициянын үлесі 42,7 пайыз.

Шағын және орта бизнес

Қаратал ауданында 2025 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша 2949 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлға – 160, жеке тұлға – 1429, шаруа қожалықтары – 1360, өткен жылмен салыстырғанда 5 бизнес субъектісіне төмендеді немесе 99,8 пайызды құрады (заңда тұлғалалар 12 және жеке кәсіпкерлер 17 бірлікке артты). Азаю себебі 34 шаруа қожалығы қызметін тоқтатты.

          Бюджетке түсетін түсімдер 923,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 100,5 пайызды құрайды (918,7 млн. теңге).

           

Дата публикации
24 января 2025