«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

2024 жылға ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамытудың жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес өндірілген жалпы өнім көлемі 30578,2 млн. теңгені құрайды.  ИФО 106,1 %  пайызға орындалды.

 

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан өндіріс және қызмет көрсетудің негізгі көрсеткіштері

 

                                          млн. теңге

 

 

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі*

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы алаңы (мың ш.м.)

Бөлшек тауар айналым көлемі

 
 

Қаратал

  4420

30578,2

21856,8

14039,1

15,6

14115,1

 

Нақты көлем индексі

 

(2024 жылғы қаңтар- желтоқсан 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда )

 

 

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі*

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі*

Негізгі капиталға инвестиция-лар көлемі

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы алаңы

Бөлшек тауар айналым көлемі

 
 

Қаратал

   72,1

106,1

92,3

131,3

126,1

   100,0

 
 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

   

2024 жылғы қаңтар- желтоқсан  облыс көлеміндегі аудандардың үлесі

 

                                                                        пайызбен

 

 

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі*

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

Негізгі капиталға инвестиция-лар көлемі

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы алаңы

Бөлшек тауар айналым көлемі

 
 

Қаратал

   1,3

5,0

4,2

3,7

4,2

4,9

 
                         

 

Аудан бойынша ауыл шаруашылық мал бастары 125,0 % және алынатын өнімдер сүт-111,1 %  пайызға, ет өнімдері- 110,7 пайызға орындалды немесе 2023 жылғымен салыстырғанда 113,8пайызға өсті. Асылдандыру бағыттары бойынша қазақтың ақ бас мүйізді ірі қара малдарын USTOBE- ЕТ асылданған ферма 500 басты басшысы Юрченко Михайл, Петропаловскіден «Ала-Бота» асылданған зауыттан әкелінген. Барлық етті бағытта – 320 аналық басты, 14 бас бұқа, 166 бас еркек таналар 2023 жылы туылғандарды құрайды. «ТастобеАгроФуд» ЖШС , Германиядан 461 бас сүтті бағыттағы құнажындар әкелінуде.

Шаруа қожалығы «Ақмолдаева.Г» Абай облысынан 600 бас, қазақтың қылшықты жүнді асылданған қойларын әкелінді. Құжаттары толық заңдастырылды. 

Мал қыстату науқанына аудан бойынша 2024-2025 жылғы мал қыстату науқанына жем – шөп дайындау жоспары 199,2 мың. тн құраса , соның ішінде шөп – 130,2 мың.тн, пішендеме – 9,8 мың.тн, сүрлем – 17,1 мың.тн, сабан- 21,5 мың.тн, жем – 19,5 мың.тн.

Шөп- 115,1 мың.тн, Пішендеме – 5,4 мың.тн, немесе- 100 пайызды, сүрлем – 13,8 мың.тн,  Жем – 16,2 мың.тн, сабан-17,7 құрайды, жеке аула, шаруашылықтар, шалғайда жатқан мал қыстауларына жеткізілді.   

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аудан бойынша Үштөбе қаласында - 6, Талдықорған қаласында – 4 рет, Астана қаласында – 1 рет өткізілді.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің барлық түрлері бойынша егістіктің электрондық карталарын цифрландыру жөніндегі жұмыстары аяқталды. Суды үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары жүргізілуде, жыл басынан 150  га қант қызылшасы себілді. 601 га күздік және жаздық бидай дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталып,  алынған өнім 1 122 тонна, орташа өнімділігі 18,7 ц/га. Арпа жоспар 2574 га, жиналғаны 2574 га, алынған өнім 5150 тонна, орташа өнімділігі 20.1 ц/га. Көкөніс жоспар 1794,5 га, жиналғаны 1794,5 га, алынған өнім 64597,2 тонна, өнімділігі 359,9 ц/га. Бақша жоспар 530 га, жиналғаны 530 га, алынған өнім 20700 тонна, өнімділігі 390,6 ц/га. Қартоп жоспар 719 га, жиналғаны 719 га, алынған өнім 15765,6 тонна, өнімділігі 219.2 ц/га. Майлы дақылдардан лен жоспар 150 га жоспар, жиналғаны 150 га, алынған өнім 150 тонна, өнімділігі 10 ц/га. Рыжик жоспар 50 га, жиналғаны 50 га, алынған өнім 50 тонна, өнімділігі 50 ц/га. Күнбағыс жоспар 364 га, жиналғаны 364 га, алынған өнім 428 тонна, орташа өнімділігі 20 ц/га. Майбұршақ жоспар 1831 га, жиналғаны 1831 га, алынған өнім 4017 тонна, орташа өнімділігі 21,9 ц/га. Сүрлемдік жүгері жоспар 433 га, жиналғаны 433 га, алынған өнім 17 100 тонна, өнімділігі 394,9 ц/га. Күріш жоспар 1181 га, жиналғаны 1181га, алынған өнім 3710,5 тонна, орташа өнімділігі 31,4ц/га.

2024 жылы 100 шаруа қожалығының  1461 гектардан 51784 тонна қант қызылшасы алынды, орташа өнімділігі 354 ц/га.

Күзгі жер жырту жоспары 5000 га болса, жыртылғаны 5000 га, соның ішінде терең жырту 1500 га орындалды.       

           Күздік себу жұмыстарына қажетті тұқымдармен қамтамасыз ету үшін шаруашылықтар, жоғары өнім беретін тұқымдары бар шаруашылықтармен тікелей байланысып, агротехникалық мерзімді сақтауды қадағалануда.

Аудан бойынша  жоспарланған 2355 тонна минералдық тыңайтқыш бойынша,  84 шаруа қожалығы 2359 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алды.

Мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне коммерциялық мақсатындағы жер учаскелеріне 1 аукцион өткізілді.

Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын қабылдау және қарастыруды уақытылы қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстары мерзіміне сай және  сапалы жүргізілуде. Жер қатынастарын реттеу мәселелерін қарастыру бойынша тұрақты комиссияға мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындалуда әр апта сайын комиссия отырысы өткізілуде.

Заңды және жеке тұлғаларға жер мәселесі бойынша барлығы 392 қызмет көрсетілген, олар:

-жерге орналастыру жобаларын бекіту – 688 қызмет;

- аудандық жер комиссиясы отырысының хаттамасы – 319;

- жер учаскесін жалға алу типтік келісім шарты – 586;

- жер учаскесін сату- сатып алу келісім шарты- 63;

-жер учаскесінің пайдалану мерзімін ұзарту – 131;

- өзіңдік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін келісім шарты – 144.

Игерілмей және мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан, иесіз қалған жер учаскелерін анықталып, жалпы көлемі 18550 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2024 жылы  жерлер құрамындағы ауыл шаруашылық алқаптары шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман  өсіруді, қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін облыстық және аудандық баспасөз беттерінде жарияланған 2 сауда – саттық (конкурс, аукцион) өткізілді. Жер учаскесін жалға алу  конкурсына қойылған жалпы лоттар (жер учаскесі) саны – 85, лотқа қойылған жер учаскелерінің жалпы көлемі -53 910,7 га. Оның ішінде суармалы егістік жер учаскесінің саны 33, көлемі 459,2 га, жайылымдық алқап учаскесінің саны 50, көлемі – 53431,5 га,  шабындық  учаскесінің саны 2, көлемі – 20 га.

Сондай-ақ аудан тұрғындарының ауыл шаруашылық жерлеріне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, 2024 жылға облыстық бюджет тарапынан ауданының мемлекеттік жер қоры жерінің жерлеріне жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшін бөлінген 7 350  000 теңгесіне 140 жерге орналастыру жобасы әзірленді. Әзірленген жерге орналастыру жобалары қолданыстағы заң аясында келесі конкурсқа шығарылуына жұмыстар ұйымдастырылуда.

2024 жылы аудан көлемінде ірі және жеке шаруа қожалықтары тарапынан  53 жаңа техника алынды.

Арнайы жабдықтарды, техникаларды  жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан – 36 техника өтті.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер  94 берілді.

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгісі 133 берілді.

 

 

Дата публикации
24 января 2025