Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңын 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда кызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Ішкі сауда ережелерінің 50-1 тармағына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тіркелді) сәйкес, Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
орындарын бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясы жазылсын.
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.