Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жұмыспен қамту шаралары туралы 2024 жылы бойынша ақпарат
Қаратал ауданының мансап орталығына 2024 жылы жұмыс іздеу мақсатымен 2679 жұмыс іздеуші тіркелінген. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес, 2029-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бағытында 2024 жылға 440 адамға 440,0 млн теңге бөлінді. Бұл бағыт бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасалынып, 581 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмысқа жолданып, 366-сы тұрақты жұмыспен қамтылды (2025 жылғы жоспар 440 адам).
Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша 2024 жылға 66 адамға 21 599,0 мың теңге бөлінген. Есептік кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша 11 жұмыс берушілермен шарт жасалынды. Әлеуметтік жұмыс орнына 66 жұмыссыз жолдама алды (2025 жылғы жоспар 69).
Қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру: бағытында 2024 жылға 70 адамға 29 764,0 мың теңге бөлінді. Бұл бағыт бойынша жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес өтінімдер жинақталып, 72 адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданды (Бастөбе сервистік техникалық колледжінде – 17 тракторист, 17 - дәнекерлеуші, 8-аспаз, 17- кондитер, Талдықорған Сервис колледжінде – 5- тігінші, 3 – визажист, Ташенова оқыту орталығында – 5 визажист). Есептік кезеңде қысқа мерзімді оқытуға жіберілгендердің 72-і оқыларын аяқтап, 64 адам жұмыс берушінің сұранысына сәйкес тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Күміс жас» жобасын ұйымдастыруға 2024 жылға 80 зейнеталы жастағы азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа 127 263,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге 88 зейнеталды жастағы жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолданды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға 2024 жылға 3 жас түлекті жұмыспен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа 1 994,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 4 жұмыссыз жұмысқа жолданды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға 2024 жылға 45 адамға 64 794,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге 48 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.
Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 2024 жылға 60 жас түлекті тарту жоспарланып, бұл мақсатқа 53 165,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 73 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.
Тұрақты жұмыспен қамту мақсатында «Электронды еңбек биржасы» ақпараттық порталында жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде 840 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негізіне 74 адам онлайн форматта оқыды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2024 жылға 18 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін 26 582,0 мың теңге мемлекеттік гранттар бөлініп, комиссияның шешімі негізінде 18 адамның бизнес идеялары мақұлданды (2025 жылғы жоспар 12 адам).
«Ұлттық жобалар» шеңберінде аудан бойынша 3 ұлттық жоба бойынша 33 нысан бекітіліп, 327 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде 317-і уақытша, 10-ы тұрақты жұмыс орындары.
Есептік кезеңге 2 жоба шеңберінде 26 нысан бойынша 319 жұмыс орнына сұраныс берілген. Ұлттық жоба шеңберінде 318 адам уақытша, 9 адам тұрақты барлығы 327 адам жұмыспен қамтылды.