Қаратал ауданының орталық кітапханасының
2024 жылдың жылдық есебі
Бастөбе ауылы, 2024 ж.
Жұмыс мазмұны
І. Қаратал ауданы кітапханаларының жарты жылдың сандық көрсеткіштері
ІІ. Негізгі бағыттары мен міндеттері
ІІІ. Тақырыптық іс-шаралар саны
ІҮ. Жолдау.Бағдарламалар.Жобалар
Ү. «Бір ел-бір кітап» акциясы, «2022 жыл –Балалар жылы»
ҮІ. Тұсаукесер.Облыстық, аудандық байқау, сайыстар
І. Негізгі бағыттары мен міндеттері
Есепті жылы мемлекеттік жүйедегі кітапханалар саны 10-ды құрады. Олар: 1-аудандық кітапханасы, 1-аудандық балалар кітапханалары, 8-ауылдық кітапхана.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында насихаттау жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Қаратал ауданының орталық кітапханасының 2024 жылғы жарты жылдың
сандық көрсеткіштері
Оқырман саны: барлығы: 14100
Келушілер саны: 97830
Кітап берлімі: 178655
Кітап қоры: / , / о. і. мем. тілде: .
Келіп түскен әдебиеттер: о. і. мем. тілде:
Келіп түскен әдебиеттер казақ о.і. ауылда
Жолдау.Бағдарламалар.Жобалар
2-қыркүйек күні кітапхана ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында өткізілген Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфирден тыңдады..Саяси және Әлеуметтік -экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді айтып өтті. Бүгін мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялап, өткен жылы қоғамда болған өзгерістерді атай келе, болашаққа көзделген мақсаттарды айқындады. Кезекті Жолдауында мемлекет басшысы елімізді әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуды, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсартуды, өнеркәсіп ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жоюды, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыруды, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды, экологиялық ахуалды жақсартып, қоршаған ортаны қорғаудың мән- маңызын кеңінен, дәріптеді, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыруды, қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруды көздейтін бірқатар бастаманы ортаға салды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2232372813812288&set=pcb.2232375290478707
«Жетісу кітап керуені» жобасы
Құрметті кітап сүйер қауым! Бүгін Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың бастамасымен Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің кіші залында “Kıtap -bılım būlağy ” атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы құттықтау сөз Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Айбек Нұрғазыұлы Оңғаровқа берілді, өз сөзінде кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтіп, кітапхананың оқуға құштар, үздік оқырмандарын марапаттады.
Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында, жерлесіміз, қаламгер Шорман Қабдырахманұлының «Бұланайдан асқан көш» атты кітабының тұсауы кесілді. Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Киелі мекен –Қаратал» атты жергілікті ақын-жазушылардың және мерейтой иелерінің кітаптары қойылып, кітап көрмесі таныстырылды.Жәрмеңкеге 700 ден аса кітаптар қойылып қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері де жәрмеңкеге белсене қатысты, әншілер Серғазинов Жандос, Әдікен Жандос, Каир Диас, Арқабаева Ажар әсем әндерін орындап шараның сәнін келтірді. Екі күнге созылған жәрмеңке 8 ақпан күні де жалғасын табады. Онда қолжетімді бағада балаларға арналған кітаптар ұсынылады. «Библио спорт» алаңы ұйымдастырылып тоғыз құмалақ, шашки ойындары ойнатылады
https://www.facebook.com/photo?fbid=2090607104655527&set=pcb.2090500957999475
«Кенен жерім - кемел елім,
Көксуым, көкке өрлеген көктемеден Көк туың. Жыр-қыздарға, жұлдыздарға тағылған, Жетісуда жел тербеген көп гүлің»
-деп ақын, жерлесіміз Әміре Әрін жырлағандай
Биыл Көксу ауданының құрылғанына 80 жыл. Ауданның тұрғындары өңірдің мерейтойын мамыр айында атап өтпек. Осы мереке қарсаңында Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков бастаған делегация арнайы құттықтап барды. Қараталдық делегация құрамында аудан әкімі, маслихат төрағасы, зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері болды. Алдымен ел азаматтары ауданның орталығы Балпық би ауылындағы шағын саябақта орналасқан Балпық би бабамыздың бюстіне гүл шоқтарын қойып, ата рухына тағзым етті. Аудан әкімшілігі келген қонақтарға қошемет көрсетті. Көксу ауданы әкімі Халелов Дәулет Кенжехенұлымен және қоғам қайраткері, қаламгер Наурыз Қылышбаев бастаған өңірдің зиялыларымен кездесті. Қараталдықтар аудан жұртшылығын мерейтоймен құттықтап апарған шашуларын ұсынды,
сонымен қатар Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың бастамасымен Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жетісу кітап керуені» жобасы аясында Қаратал аудандық кітапханасы Көксу аудандық кітапханасына ауданның әдеби-мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2006 жылдан бастап облыс әкімнің қолдауымен жарыққа шыққан ақын жазушылардың 20 данадай кітаптарын сыйға тартты.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/7092525467462795
"Kitap- bilim bulagy" атты жәрмеңкенің екінші күні кітапханашылар кітап сүйер қауымға жәрменкені аралатып ,ұйымдастырылған «Библио спорт» алаңында тоғыз құмалақ, шашки ойындарын ойнатты. Жәрмеңкеге келген балалар спорттық ойындарға белсенділік танытты, ұнаған кітаптарын қолжетімді бағада сатып алды.Жәрмеңкеге қатысқан Аудандық "Аманат" партиясы филиалының төрағасы Тасыбаев Руслан Шоғалұлы сөз сөйлеп шараны қортындылады
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/4412971412283544
«Кітаппен өткен жаз қызық»
Аудандық балалар кітапханасында «Кітаппен өткен жаз қызық» жоба аясында «Жаз, балалар және Кітап» атты әдеби аула өткізілді. Кітапхананың Коворкинг орталығы–оқырмандар мен қарым-қатынасқа, пікірталасқа, әр түрлі викториналық ойындарға әр қашан ашық.Сонымен қатар балалар түрлі-түсті қызықты кітаптармен, және мерзімді басылымдармен танысып, анимэ раскраскалар бояп, кітап оқып, “Ойлан да тап” викториналық ойынға белсене қатысып, сұрақтарына жауап берді. Кітапханаға жазылып, оқуға кітап алды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2195683517481218&set=pcb.2195683694147867&locale=ru_RU
Аудандық балалар кітапханасы «Кітаппен өткен жаз қызық» жобасы аясында Koworking орталығында «Кітап-сарқылмас байлық!» атты викториналық ойын өткізді. Оқырмандарға ертегілер туралы сұрақтар қойды балалар сұрақтарға белсенді жауап берді, шара қызықты өтті. Сонымен қатар «Айболит емханасында» атты тақырыпта ескі кітаптарды өңдеу жұмыстары жүргізілді. Іс- шара соңында балалар бояу кітабын бояп,кітап оқыды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/474280462002289?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/photo?fbid=2229089827473920&set=a.1478932029156374&locale=ru_RU
«Бір ел-бір кітап» акциясы
24.01.2024ж. «Нағыз оқитын кез» жоба аясында балалар кітапханасының коворкинг орталығында Б.Соқпақбаевтың100 жылдығына орай «Балалық шаққа саяхат» повесіне дауыстап оқу өткізілді.Кітапханашы Б.Соқпақбаевтың өмірбаянына қысқаша тоқталып өтіп,балалар кезекпен дауыстап оқыды. «Балалық шаққа саяхат» повесін жалғастыру үшін бал алар кітапты оқуға алды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2080809428968628&set=pcb.2080810952301809
15.01.2024 жылы Морозова атындағы №51 мектебінің кітапханашыларымен бірігіп Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы" атты тейбл-ток өткізілді. Шараға мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Б.Соқпақбаевтың өмірбаянын қысқаша таныстрып өтті."Менің атым Қожа"повесін балалармен талқылап,балалар өз ойларымен бөлісті. Шара соңында "Кітап-жан азығы"атты кітап көрмеге шолу жасалынды. Көрмеге Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа", "Аяжан", "Балалық шаққа саяхат" т.б кітаптармен таныстырды.Сол жерден екі кітап қолға берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2074703876245850&set=pcb.2074704046245833
19.01.2024 жылы Биыл "Бір -ел бір кітап" акциясы аясында қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек,ғажайып сыр-сыйпат алып келген көрнекті жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Балалар әдебиетінің б әйтерегі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге Б.Соқпақбаевтың өлеңдер жинағы, "Менім атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді", "Балалық шаққа саяхат", "Алыстағы ауылда", "Аяжан", "Жолда", тағы басқа шығармалары қойылды . Жазушының өмір баяны мен әр жылдары жарық көрген шығармалары таныстырылып, библографиялық шолу жасалды.Көрме аясында кітапханаға 3 жаңа оқырман жазылып, жазушының 4 кітабы оқуға берілді.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/371146972325159
24 қаңтар 2024 жылы “Бір ел - бір кітап” акциясы аясында қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Б.Соқпақбаев таңдалды. Осыған орай кітапханамызда “Көркем сөз өнерінің асқан шебері” атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандарға жазушының өмірбаяны таныстырылып, “Өлгендер қайтып келмейді”, “Менің атым Қожа” шығармаларына тоқталып, оның мазмұны және кейіпкерлері талқыланды. “Қазақ балалар жазушысы” атты көрмесіне 5 кітабы қойылды, 16 оқырман қатысты, қолға 3 кітап берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2080828055633432&set=pcb.2080828305633407
31.01.2024 жылы "Бір ел-бір кітап"акциясы аясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабына библиографиялық шолу өткізілді. Шара барысында жазушының өмірбаяны мен әр жылдарда жарық көрген шығармалары таныстырылып,"Менің атым Қожа"повесін оқушылармен талқылап, өз ойларымен ой бөлісті. Жазушының "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді," "Аяжан" шығармаларына шолу жасалып, кітапханаға 2 жаңа оқырман жазылып, жазушының 4 кітабы қолға берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2085621315154106&set=pcb.2085621475154090
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы аясында Қазақсан Республикасы Президенті қасиетті Қаратал елі, Кәлпе ауылының кітапханасына әр түрлі жанрдағы кітаптарды тарту етті. Алғысымызды білдіреміз! Жоба арқылы кітапхана қоры мазмұнды кітаптарға толықтырылды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/378990591457771?locale=ru_RU
Қоғамдық-саяси әдебиеттерді насихаттау
08.01.2024 жылы Қаратал ауданының орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған "Батыр рухты қазақ" атты еске алу кеші өткізілді. Кітапханашы С. Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер берді. Шараға √55078 әскери бөлім сарбаздары қатысты. Сарбаз Байкен Данияр батырдың ерліктері жайлы қысқаша баяндамаға тоқталып өтті .Мәдениет үйінің әншілері Жандос Серғазинов "Ана туралы жыр", " Қазақстаным" әндерін шырқады,Жалғас Мусатаев "Қайықта" әнін орындады. Шара соңында "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" атты тақырыпта кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2070723549977216&set=pcb.2070723953310509
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 35 жыл толуына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Ауғанстан ардагерлеріне мың тағзым" атты кездесу кеші өтті. Шараға 55078 әскери бөлімнің сарбаздары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Жүргізушілер осы қанды соғыстың тарихы жайлы мәлімет беріп, Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Сәбіров Берік Нұртайұлы мен "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы Тасыбаев Руслан Шоғалұлына құттықтау сөз берді . Олар ардагерлердің батырлығы мен ерліктері жайында сөз қозғап, бейбіт өмір, денсаулық тілеп,алғыс хаттар мен марапаттады. Led экраннан соғыс хроникасының кадрлары көрсетілді.Шара барысында ардагерлер І.Есенберлин атындағы мектептің кітапханашысы М.Дауытованың дайындауындағы оқушылардың әдеби-монтажын,жәнеде мәдениет үйінің қызметкерлері А.Арқабаева, Ж.Мұстафаеф, Г.Касимова, А.Жексенбектің өнерлерін тамашалады. Сарбаздар соғыс ардагерлеріне сұрақтар қойып, жауап алды. Қатардағы жауынгер Д.Жаңабайұлы «Қазақстаным» атты әнін орындады. Шара соңында "Ауғанның отты жылдары "атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Өте мағналы шара өтті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/933055391464136
Алғыс айту күніне орай кітапханада "Алғыс білдіру -ең асыл сөз" атты тақырыпта әңгіме өткізілді. Шараға Абай атындағы орта мектебі оқушылары мен кітапхана оқырмандары қа тысты. Шараға келген қонақтар алғыс айту мерекесінің пайда болу тарихы туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады. Қатысушыларға алғыс сөздері бар түрлі жағдайлар, сұрақтар ұсынылды. Қонақтар "Сөзді жалғастыр", "Мақал - мәтелді толықтыр" және басқа викториналарға белсенді қатысты. Шара қорытындысында "Алғыс білдіру - ең асыл сөз" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату -тәтті тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерін қабылдаған қазақ халқына өзге ұлттардың ризашылығын білдіретін кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып шолу жасалды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2103102670072637&set=pcb.2103102830072621
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас, осыған орай "Алғыс айту парызым" атты Қаратал аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Көксу аудандық кітапханасына челлендж жолдады. https://www.facebook.com/100011187729736/videos/705265011776143
1 наурыз Алғыс айту күніне орай, аудан әкімшілігінің қызметкерлері кітапхананың тұрақты оқы рмандары Айман Қонысбаева, Айгуль Муханова, Зәуре Жабықбаеваға кітапхана қызметкерлері оқуға кітап ұсынып,Алғыс күніне арналған өздерінің ыстық лебіздерін бір-біріне білдірді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2104847279898176&set=pcb.2104848099898094
Аудандық балалар кітапханасының оқырмандары «Мың алғыс!» атты тақырыбында поэзия тізбесін ұсынады. Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/927926395472277
«Парасат жолы »
26.09.24 ж. "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Парасат жолы" бұрышында "Сыбайлас жемқорлық–қоғам дерті" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны ұйымдастырған кітапханашысы М.Атибекова, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы А.Абатова. Бұл шараға Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Шараны кітапханашы ашып, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі екені туралы айтып өтті. Жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы А.Абатова оқырмандарға, - Пара беру дегеніміз не?, Жемқорлық дегеніміз не? және жемқорлықтың қандай түрлері бар? - деп оқушылар қойып, олар болса қойған сұрақтарға жауап беріп өтті. Шара барысында"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы шолу жасап өтті. Қолға 4 кітап берілді.
Биыл "Семей-Невада" антиядорлық қозғалысының жабылғанына 35 жыл толуына орай "Қазақстанның ядорлық қасіреті!" атты тақырыпта оқырмандарға видео ролик ұсынылды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/1692314624593705
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғаңына 35 жыл толуына орай "Семей ядролық полигоны" атты тарихи сағаты өткізілді. Кітапханашы ядролық полигонның құрылуы, оның салдары және "Невада -Семей" қозғалысының тарихы маңызы жөнінде шолу өтті. Семей полигоны жайлы деректі видео көрсетілді. Шараға 9 сынып оқушылары қатысты.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/548694991025002?locale=ru_RU
Қаратал аудандық кітапхана қызметкерлері 30 тамыз Конституция күніне орай "Ата заңым - ардақты" атты слайд - галлерея өтті. Шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы туралы мәліметтер берді. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні. Қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ата Заңымыз 9 тарау және 98 баптан тұратыны жөнінде ақпарат берілді.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/4029001687378096?locale=ru_RU
8 наурыз - Халықаралық Аналар мерекесіне орай "Аяулы менің анашым" атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы кітапханашы әңгімелеп өтті. Абай атындағы орта мектеп оқушылары аналар мен аруларға арнап, ақын - жазушылардың туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер күйлер орындады. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Осы орайда аналарымыздың күніне орай "Аяулы менің анашым" атты кітап көрмесі қойылды. Кітап көрмесіне қойылған ақын - жазушылары мыздың " Әйел ана" тақырыбында жазған кітаптары және жасөспірімдер мен бойжеткендерге ақыл кеңес беретін "Қыз өмірдің қызғалдағы", Қарақат Әбден "Сен қазақтың қызысың мақтан ет" кітаптары қойылып шолу жасалды. Мерекелік кешке келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2107438022972435&set=pcb.2107438449639059
1- Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастырумен "Бірлік біздің қасиетті туымыз" атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Шараға 1-Полиция Батальоны (Үштөбе қаласы) 5 - взвод жеке құрамы қатысты.Шара барысында, кітапханашы мерекенің шығу тарихы мен Қазақстанда тату - тәтті тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері жайлы баяндама оқыды.Взвод командирі полиция аға лейтенанты Ұ.Нұрғали 1- Мамыр мерекесіне орай құттықтау тілегін білдірді. Шара соңында "Бейбітшілік - ел тірегі" атты тақырыпта кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге 10 кітап қойылып, қолға 2 кітап берілді. Қатысқандар саны - 21 адам.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/954007802943717
30.04.2024. 7 мамыр Отан
қорғаушылар күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастырумен "Ұранды елдің- ұрпағы қайсар" атты мерекелік кеш өтті. Шapaға 55078 әскери бөлімнің сарбаздары мен мәденит үйінің қызметкерлері және Шаяхметова Мадина Нургужаевна, Бастөбе ауылдық округінің бас маманы қатысты.Кітапханашылар 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін мазмұнын баяндады. Отан қорғауға, елін жерін қорғай білуге, елінің патриоты болуға шақырады.
Мәдениет үйінің қызметкері Алма Досованың дайындаудындағы оқушылардың әндері тамашалады. Қазына Аналхан "Туған өлкем" мен Рамазан Шынар "Татулықта күшіміз" атты әндері орындалды шара соңында " Ұлттық рухтың қайнары" атты кітап көрмесіне шолу жасалады. Қатардағы жауынгер Д. Жаңабай ұлы " Қазақстаным" әнін шырқады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/836861988466758
Балалар кітапханасының коворкинг орталығында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Сарбазы болам елімнің" атты тақырыбында сторителлинг өткізілді. Кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы қысқаша айтып берді. Шара соңында «Менің Отаным Қазақстан» кітап көрмеге шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/974617000930038
9 мамыр - Жеңіс күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен" Ерлік елге мұра" атты ерлік сағаты өтті.Шараға Бастөбе сервистік - техникалық колледжі және Шаяхметова Мадина Нургужаевна Бастөбе ауылдық округінің бас маманы қатысты. Шара ҰОС-да қасық қаны тамғанша жауға қарсы ұмтылып, қаза болған жауынгерлердің құрметіне 1 минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы соғыс жылдарында халқымыз қандай қиыншылықтардан өткені, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлер Отан қорғаудағы көрсеткен ерліктері туралы ақпарат берді. Кеш барысында соғысқа қатысқан батыр бабаларымыз жайлы видеороликтер көрсетіліп мол мағлұматтар айтылды. Шара соңында "Ұрпаққа ұран" атты кітап көрмесіне шолу жасалады.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2146902695692634&set=pcb.2146904765692427
Балаларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудандық балалар кітапханасы ,Морозов атындағы №51 мектебінің кітапханашыларымен бірігіп және 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың батыр қызы- Әлия» атты еске алу сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы баяндама оқып,
балаларға сұрақ койып , балалар сұраққа жауап берды. Шара соңында «Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/458279580215054
15 мамыр Отбасы күніне орай Қаратал аудандының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жанұям-асыл тірегім» тақырыбында Бастөбе сервистік - техникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен информина өтті. Шара барысында кітапханашы Отбасы сыйластық пен қамқорлық – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар туралы мағлұмат берді. Сондай ақ «Мерейлі отбасы» атты кітап көрмесін студенттерге насихаттап, библиографиялық шолу жасалды. Көрме аясында кітапханаға 2 жаңа оқырман жазылып, 4 кітап қолға берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2153108921738678&set=pcb.2153108948405342
Қаратал ауданының орталық кітапханасы 06-шілде Астана күніне орай "Жайнай берсін - Астана" атты тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Шараға Бастөбе сервистік техникалық колледждің студенттері қатысты.Кітапханашы Астана жәйлі қысқаша айтып өтті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері брендтің маңызды бөлігіне айналды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/460476330252383?locale=ru_RU
Кітапханашы "Арман қалам Астана" атты тақырыбында кітап көрмесін қойып шолу жасады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2188130938236476/995892458505791?locale=ru_RU
5 шілде күні Астана қаласының күніне орай К.Тоқаев атындағы саябақта Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен үлкен концерт өтті.Осы шара аясында кітапханашылар , концерт тамашалауға келген көрерменге , қала тарихы жайында "Әсем қалам-Астана" атты сұрақ-жауап ойынын ойнатып, белсенділерге сыйлықтарын таратты . Шара мазмұнды,қызықты өтті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/397217552785678?locale=ru_RU
Аудандық балалар кітапханасы кітапхана жадынан құрылған “Балауса” клубының мүшелелерінің қатысуымен 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай «Ата заңым-алтын қазынам» атты викториналық ойын өткізді. Шара барысында кітапханашы ҚР Конституциясы туралы қысқаша мәлемет беріп, сұрақ-жауап ойнын ойнатты. Оқырмандар сұрақтарға жауап беріп,ойынға белседі қатысты. Шара соңында кітапханашы оқушыларды «Ата Заңым - Айбыным» - атты кітап көрмесіне библиография шолу жасады.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2228318197551083&set=pcb.2228318660884370&locale=ru_RU
25 қазан- Республика күніне орай Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Үштөбе қалалық гуманитарлық колледжінің I, II курс студенттерінің қатысуымен “Тәуелсіз ел мерейі” атты Американдық Парламенттік форматта дебат өтті. Дебаттың мақсаты жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді және қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелері бойынша сөз таластыруды дамыту болып табылады.Дебатта “Жастар” және “Алаш” тобы болып өзара бақ сынады. Дебат қарары БП: Қазіргі жастарды патриот деп ойлайды. “Жастар” тобы Үкімет позициясында болып, қазіргі жастардың отансүйгіш, өз елінің патриоты екендігін дәлелдеген болса, “Алаш” тобы, керісінше, қазіргі жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігі төмен екенін, көп жастар елін тастап басқа мемлекетке көшіп кетіп жатқандығын алға тартты.
Қатысушылар өздерінің көзқарастарын белсенді түрде дәлелдеді, сұрақтар қойды және мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
Ойын барысында Үштөбе қалалық гуманитарлық колледжінің күміс көмей әншісі Базарбаева Дильназ ән шырқап, Сейлхан Сағыныш күй тартты.
Ойын соңында төрешілер қорытындылап,
патриотизмді қалыптастыру әлі де өзекті мәселе екенін алға тартты және қатысушыларымызды алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.Барлық қатысушылар болашақ өміріне қажетті практикалық тәжірибе және жағымды әсер алды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2280870015629234/517548684393035?locale=ru_RU
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күніне орай “Төл теңге ұлттық мақтаныш” атты тарихи сағат өтті. Шара барысында кітапханашы Калиева Бибігүл теңгенің шығу тарихы жайлы ақпарат беріп, видеоролик көрсетті. Шара соңында оқырмандарға көрсетілген видеоролик жайлы викториналық сұрақтар қойылды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2302572516792317&set=pcb.2302569626792606&locale=ru_RU
Аудандық балалар кітапханасы оқырмандарға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін түсіндіру, желтоқсан құрбандарының ерліктерін естен шығармау және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында білім орталығында «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты тарихи сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша ақпарат айтып өтіп, оқырмандарға желтоқсан оқиғасы туралы видеоролик көрсетті. Шара соңында кітапханашы «Желтоқсан құрбандары» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге «Желтоқсан көтерілісі» көп томдық кітабы, «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Желтоқсан-86», Қараша Қараманның «Қаратал ақтаңдағы» т.б кітаптар қойылды. Шараға 11 оқырман қатысты, 5 кітап оқуға берілді.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2034793230371355&set=a.135444436972920&locale=ru_RU
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Үштөбе қалалық гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен. "Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы" атты көрме панорама ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күні - өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн.Ұлт тағдырында өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасын ойға алғанда селт етпейтін жүрек жоқ. Желтоқсан – күллі кеңестік кеңістіктегі айтулы өзгерістердің бастауы. Желтоқсан - қазақтың қайта оянған ұлттық рухы. Кітапхана қызметкері көрмені таныстырып кітаптарды оқырман қауымға ұсынды. Көрмеден 5 кітап қолға берілді.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2317915941924641/1103437084755989?locale=ru_RU
27.03.2024ж. Биыл қазақ даласының ұлы перзенті, кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әлемдік деңгейдегі ғалым» атты тақырыпта видеороликті оқырмандарға ұсынды. Қамтылғандар саны – 61.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100049937200754&locale=ru_RU
17.01.2024ж. Аудандық кітапхананың коворкинг орталығында, «Балауса» клубының мүшелерімен Қазақ ССР-нің халық суретшісі ,жерлесіміз Ә.Қастеевтың 120 жылдығына орай « Бейнелеу өнерінің негізін қалаушы» атты тақырыпта өнер сағаты өтті.Кітапханашы балаларға суретшінің өмірбаянын оқып шығып, балаларға видеоролик көрсетілді.Әр оқушы қаншалықты сурет өнеріне жақын екенін білу үшін сурет салды. Шара соңында Ә.Қастеевтың кітабына шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2076738732709031&set=pcb.2076738796042358
30.01.2024 жылы сахна өнеріне сүбелі еңбек сіңірген, үздік бейнелерді сомдаған актриса, қазақ театрының хас шебері Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай, кітапханашылар А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен "Қазақ театрының хас шебері" атты өнер сағатын өткізді Сахнадағы тұңғыш ролі Б.Майлиннің "Майдан" драмасындағы Алтынайды орындаудан бастап, кейіннен ұлттық, бүкілхалықтық және халықаралық мән- мағынасы зор М. Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ш. Айтматовтың, А.Чеховтың, О. Иоселианидің, Ж.Мольердің, т.б. драмалық шығармаларындағы ондаған әйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен сомдады.Сонымен қатар, кітапханашы актрисаның М. Әуезовтің "Абайындағы" Ұлжан, "Қарагөзіндегі" Мөржан, Ш. Айтматовтың "Ана-Жер-Ана" Толғанай, сомдаған бейнелеріне шолу ұйымдастырды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2085471931835711&set=pcb.2085475108502060
1.04.2024 Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 105 жылдық мерей тойына орай "Қазақ киносы мен театрының анасы" атты библографиялық шолу өтті. Шараға А.С Пушкин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы - Әмина Өмірзақованың өмірі мен өнері жайлы таныстырды. Асқан шеберлігі мен таланты арқылы көпшіліктің ықыласын ерекше аударған, 150 - ден астам кейіпкерді жарыққа шығарған Ә.Өмірзақованың өнері туралы кітаптарды "Қазақ мәдениеті" энциклопедиялық анықтамалығы, "Әмина Өмірзақова "Фотоальбомы, Шәкен Айманов кітап - альбом т.б. әдебиеттер қойылып, әртүрлі образда түскен суреттері оқырмандар назарына ұсынылды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2130460284003542/317197488050243
,, 05.07.2024 жылы К.Тоқаев Атындағы саябағында Аудандық кітапхана қызметкерлері «Нағыз қазақ домбыра» атты өнер сағатын ұйымдастырды. Шарада кітапханашы домбыраға қысқаша мәлімет беріп, домбыраның құрылымына тоқтып,түр сипатымен таныстырып, көрермендерге ақпарат беріп өтті. Шара соңында мәдениет үйінің қызметкерлері домбыраның құлағында күй ойнатып,шараны қортындылады. https://www.facebook.com/100011187729736/videos/501929829174669?locale=ru_RU
Тіл және көркем әдебиеттерін насихаттау
26.01.2024 Қазақ тарихында көрнекті орын алатын ірі тұлға, әдебиеттің барлық жанрында - поэзия, проза, драматургия, киносценариясын с аласында қалам тартқан әйгілі қаламгер Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай "Дәуірдің дана ақыны-Әбділдә" атты тақырыпта видео ақпарат ұсынды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/369255429201044
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Аудандық балалар кітапханасы «Оқырман отбасы» атты челленджін ауылдық кітапханаларға жолдады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/2036120600088148
9 ақпан бүкіл қазақтың сүйікті, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған кү ніне орай кітапханашылар арасында позия марафоны өтті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/756274039354076
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Қаратал ауданының орталық кітапханасы мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен кітапты насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру мақсатында «КIТАП шоу 2024» кітап фестивалін өткізді. Бұл шараға мектеп оқушылары қатысты. Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Іс-шара 4 кезенең турдын , бірінші кезен «Ертегі кейіпкерлерін тап» викторина ойынын ойнап ,Ертегілерді құрастру , сөйлемдерді жалғастыр, «Ғажайыптар алаңы» ойын өтті. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға балл жинады. Шара барысында жиналған баллдары қортындылап, кішігірім сыйлықтар табысталып, балалар караокемен ән орындады. Шара соныңда «Ғажайып ертегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/2575240649314342
06.08.2024 жыл Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен "Ұлы халықтың ұлы Абайы" атты тәрбие сағаты өтті.Шараға √55078 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Шара барысында кітапханашы Абайдың шәкірті Ш.Құдайбердіұлы жайлы қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ шарада √05578 әскери бөлімінің сарбаздары Д.Өмірұлы мен Д.Жанабайұлы попурри әнін орындады жәнеде Ж.Алмасқызы Ақылбай Абайұлының "Дағыстан" поэмасынан үзінді оқыды.Кітапханашы сарбаздарға сұрақ жауап қойып, шараны қызықтыра түсті. Шара соңында "Ұлы халықтың Ұлы Абайы" атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2211464819236421&set=pcb.2211465582569678&locale=ru_RU
10 тамыз Абай күніне орай Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, Кемел Тоқаев атындағы саябақта қала тұрғындарынан сұқбат алып оқырмандар арасында сұрақ -жауап ойыны ойнатылды.Шара қызықты болды, оқырмандардың Абай атамыз жайлы қаншалықты көп ақпараттар білетініне тәнті болды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2214234985626071/3726348227693056?locale=ru_RU
Қаратал ауданының орталық кітапханасы мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – достықтың тірегі» атты әдеби сазды кеш өтті. Мерекелік шараға Балбөбек балабақшасының бүлдіршіндері «Ана тілім» әнін орындап іс- шараны ашты.Жиында бір қатар тіл жанашырлары мараппатталды.Үштөбе қаласының тұрғыны,өзге этнос өкілі Липатова Светлана Владимировна қазақ халқына үлкен рахметін айтып, өзінің жылы лебізін білдірді. Майраның әні «Майраны» құйқылжыта әнші қызымыз Тәуекелова Жасмин орындаса, Диас Каир Халық әні «Самалтау» әнін шырқады.Алғашқы құттықтау сөздерді аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Р.Өтегенов пен аналар кеңесінің төрайымы Досмолданова Ұлбосын Тойлыбаевна алып , жиылған қауымды меркемен құттықтап, жылы тілектерін тіледі. Ал Тіл орталығы Қаратал аудандық филиалының директоры Есболова Гүлдана Мұхамедқалиқызы баяндама оқыды. Шара барысында жиылған қауым Елтай, Жаңаталап, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептерінің оқушылары дайындаған әдеби – монтаж тамашаланды. Мәдениет үйінің қызметкерлері болса «Бақтыбайдың әуенін», Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» әндерін тамылжыта орындады. «Қазақ тілім, өркенде, Бола бер күшті көркемде!» атты кітап көрмесіне кітапханашы Қалиева Бибігүл шолу жасады. Шараға 50 адам қатысты.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/906578604822715
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, қоғам қайреткері І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай он күндік кітап фестивалі аясында «Жетісу суреттері» өлеңі бойынша сурет байқауы өтті.
Байқау мақсаты әдебиет әлеміндегі өз халқының ұлттық қазынасына құнды мұралар қалдырған ұлылардың бірі Ілияс Жансүгіровтің ұрпақ үшін жасаған парасатты әлемін, білгір суреткерлігін, зор адамгершілік үлгісінің өшпейтін өнегелі мектебін дәріптеу, ұлылардың бойындағы ортақ қасиет болып табылатын көп қырлылығын таныту, насихаттау болып табылады.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең таныстыру, 2-кезең “Сырлы сурет” қатысушылардың жеке туындыларын бағалау, 3-кезең “Жетісу суреттері” өлеңі бойынша сурет салу және салған суреттерін әділ-қазылардың алдында қорғау. Байқауға С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Омар Гүлден, С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Нұртай Ерхан, №13 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Алдаберген Айсезім, Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Сарсен Ақниет, С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Саржигитова Камила, Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Рысбекқызы Мейірім, М.Горький атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Тастан Аружан, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Болат Амина, С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Қанат Жанайым қатысты.
Қатысушыларға Қаратал ауданының орталық кітапханасының директоры Сембекова Гүлшат Нұрахметқызы, Жылыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Досова Алма Бектасқызы, Балалар шығармашылық орталығының сурет мұғалімі Қожабекова Айнұр Жұмакерімқызы төрағалық етті. Шара барысында ақынның өмірі, шығармалары жайлы қысқа деректі видеоролик көрсетіліп, І.Есенберлин атындағы орта мектептің оқушылары “Жетісу суреттері” өлеңін мәнерлеп оқыды. Шара соңында көрсетілген видеоролик бойынша көрермендермен викториналық ойын ойналды.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің әншісі Жалғас Мұсатаев және С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Диас Каир өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқады. Байқау қорытындысы бойынша С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Нұртай Ерхан гран-при, С.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Омар Гүлден I дәрежелі, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Болат Амина II дәрежелі, Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Сарсен Ақниет III дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқауға белсене қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/425764727059161?locale=ru_RU
Қаратал аудандық балалар кітапханасы С.Морозов атындағы орта мектебінде І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуна орай «Ақынға тағзым» тақырыбында сторллитинг өткізді. Кітапханашы ақынның өмірбаянына қысқаша тоқталып,сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға алалар белсене жауап берді. Шара соныңда «Қазақ сөз өнерінің дүлдүлі – Ілияс Жансүгіров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарына шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2291460287903540&set=pcb.2291460381236864&locale=ru_RU
Ауданымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуі – айрықша әрі тарихи оқиға болды. Ескелді ауылынан жаңадан салынған мәдениет үйіне Кездесу барысында кітапханашы Атибекова Майра Уатайқызының ұйымдастырған "Жетісу" және "Қаратал күндіз күміс, түнде алтын" атты кітап көрмесімен А.Апарбаева мен А.Егізбаева таныстырып қонақтарға ерекше назар аудартты. Көрме Жетісу аймағының табиғи сұлулығын, мәдени және тарихи мұрасын кеңінен танытуға бағытталған. Бұл шара тек кітапхана жұмысын насихаттап қана қоймай, оқырмандардың қызығушылығын арттырып, аймақтың бірегейлігіне назар аударуға септігін тигізді. Мұндай жоғары деңгейдегі іс-шара кітапхананың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, оны мәдени және білім орталығы ретінде танытты.
«Ел үшін туар ер озар» демекші, қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғалардың тағылымды өмір жолдары мен ерен еңбектері ел тарихының беттерінде алтын әріптермен жазылып қана қоймай, рухани құндылықтарымыздың берік болуына ықпал етуде. Бар өмірін ашық аспан астында ұрпақтарының еркін өмір сүруі жолына арнаған ұлы тұлғалардың есімдері мәңгілік сақталары хақ. Қазақ халқының осындай елін сүйген ер ұлдарының бірі де бірегейі – Тұрар Рысқұлов. Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүрегі» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында Т.Рысқұловтың өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайлы қысқа деректі видеоролик көрсетілді және осы видеоролик бойынша оқырмандарға сұрақтар қойылды. Оқырмандар қойылған сұрақтарға толық жауап берді және Т.Рысқұлов жайлы өздері білетін басқа да деректермен бөлісті. Шара соңында кітапханашы Бибігүл Қалиқызы «Тұрар Рысқұловтың ғылымдағы ғалымдық тұлғасы» тақырыбында баяндама жасады. Оқырмандар кітапханашының тың деректерінен тағылым алып, Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасына көз жүгіртті.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2311762522539983&set=pcb.2311569592559276&locale=ru_RU
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан Бейімбет Майлиннің туғанына 130 толуына орай “Терең ойлы сөз маржанын терген - Бейімбет” атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция мақсаты қазақ әдебиетінің алыбы Бейімбет Майлиннің шығармалары арқылы ұрпақ санасына ізгілік сезім дарыту, көркем шығарма құндылығын көпшілікке насихаттау болып табылады. Конференцияда жазушының өмірбаяны мен шығармалары жайлы қысқа деректі видеоролик көрсетіліп, кітап көрме таныстырылды және ақынның тырнақ алды туындысы “Шұғаның белгісі” повесі талқыланды. Оқырмандарға шығарма жайлы сұрақтар қойылып, шығарма толықтай талқыланды. Сонымен қатар, Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжінің студенті Сейлхан Сағыныш монолог оқыды. Конфереция жоғары деңгейде өтті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/3652648068372280?locale=ru_RU
Қаратал аудандық балалар кітапханасы “Мақсат” балабақшасында "Даналық әліппесі" инновациялық сөйлейтін қаламмен балаларды таныстырды. Бұл кешен нұсқаулық, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламдардан тұрады, қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры, халық әні, халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі, аталар сөзі,бабалар батасы енген . Даналық әліппесі даналық әлемінің кеңістігін қалыптастыратын қайнар көзі ретінде ұсынылған халық шығармалары электронды аудио құралдар арқылы тыңдалады.
https://www.facebook.com/karatalbalalarkitaphanasy/videos/8461790797221469?locale=ru_R
Қаратал аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мақсат» атындағы балабақшасында «Балақай, оқы қызық!» атты тақырыбында ертегі оқу өткізілді. Бүл шараға кітапханашы «Бауырсақ» ертегісің оқып, және балалармен бірге кітапша құтастырып жасады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/2096301984134557?locale=ru_RU
«Үздік кітапханашы-2024» аудандық байқауы өтті.
2024 жылдың 24 қазан күні Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Үздік кітапханашылар арасында мамандықтың беделін арттырып, кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін дамыту мақсатында «Үздік кітапханашы-2024» аудандық байқауы өтті. Байқау III кезеңнен тұрды. I кезең: "Мен кітапханашымын" 1-3 минуттық өз қалауымен еркін форматта өздерін таныстыру. II кезең: "Ұшқыр ой, ұтымды жауап" мамандық бойынша кәсіби 3 сұраққа жауап беру. III кезең: "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерін көрсету: ән, би т.б. Байқауға аудан, ауыл кітапханаларынан 14 кітапханашы қатысты. Үздік маман ретінде шығармашылық ізденістерін өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік кітапханашы-2024» аудандық байқауының бас жүлдесіне ие болған Ескелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Атибекова Майра. Ал Қаратал ауданының орталық кітапханасының кітапханашылары Маженова Асель "Алғыр кітапханашы", Утельбаева Гульжан "Зерек кітапханашы", Тастөбе ауылының кітапханасының кітапханашысы Чумикбаева Зереш "Талантты кітапханашы" номинацияларымен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.
https://www.facebook.com/reel/561016872968261?locale=ru_RU
Қазіргі біздің заманымызда балалардың оқып білім алуы сондай қажеттілікті талап етеді. Кітап пен оқуға деген қызығушылықты оятып, баланың санасында жақсылық, ар-ождан, мейірімділік сияқты маңызды ұғымдарды қалыптастыру мақсатында балалар кітапханасының ұйымдаструмен «Балақай, оқы қызық!» атты саяхат өткізілді. Кітапханаға Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінің оқушылары шақырылды. Кітапханашы балаларға кітапханаға саяхат жасай отырып, кітап көрмелерін таныстырды және балаларға қызықты кітаптарды ұсынды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2307171359665766&set=pcb.2307171402999095&locale=ru_RU
16.01.2024. Биыл Деріпсалыұлы Балпық әулие, би, батырдың туғанына 330 жыл толуына орай. Пушкин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Батыр баба - Балпық би" атты танымдылық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашылар Балпық бабамыздың өмірі мен даналық, шешендік сөздері, ол кісі туралы бізге жеткен аңыз- әңгімелеріне баяндама оқыды. 9 сынып оқушылары Қаратай Қарылғаш, Асқар Айгуль бабаға арналған өлеңдерін оқып берді. Оқушылар арасында викториналық сұрақ жауап ұйымдастырылды, Балпық батыр жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар "Байтақ елдің Балпығы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2074580246258213&set=pcb.2074584849591086
07.06.2024жылы Үштөбе қаласының тарихи өлкетану музейінде Балпық би Деріпсалыұлының туғанына 330 жыл толуына орай «Еліне қорған болған-Балпық би» атты облыстық ғылыми-конференциясы өтті.Облыстық конференцияны аудандық кітапхана ұйымдастырды. Кеш модераторы: Жетісу облысының құрметті азаматтары Н.Қылышбаев. С.Бәзілов. Б.Қисметов жәнеде өлкетанушы қаламгер Қ.Қараманов. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ә.Әрін Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры С.Шаяхметова жәнеде Жетісу облысының әр ауданынан келген кітапхана қызметкерлері конференцияға қатысты. Конференцияға қатысқан қонақтар Балпық би кесенесіне тағзым етіп,құран бағыштап тарихи өлкетану музейімен танысты. Сонымен қатар....Батыр баба Балпық би атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,көрмеге шолу жасалды. Кітапханашылардың ұйымдастыруымен Балпық бидің нақыл сөздеріне арналған әдеби монтаж көрсетілді. Мәдениет үйінің қызметкерлері Анар Байгөбектің күйі «Балпық би»,С.Мұса «Үш меркі»,А.Елтайұлы «Жетісу»,Д.Әшімбек «Жетісу»,Ж.Әдікенов «Көк жөтел» әндері тамашаланды.Шара соңында келген қонақтар өз ойларымен бөлісіп,ризашылықтарын білдірді.
15.01.2024.Биыл Деріпсалыұлы Балпық әулие,би, батырдың туғанына 330 жылдығы.Кесенесінің салынғанына 30 жыл толуына орай "Байтақ елдің Балпығы"атты библиографиялық шолу өткізілді.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/745780734129478
23.01.2024 жылы. Пышан Жәлмендіұлының туғанына 140 жыл толуына орай, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен "Пышан ақын өлкеміздің - мақтанышы" атты танымдылық сағат өткізілді.Шара барысында кітапханашы Пышан ақынның шешендік, әділ өткір қасиетін, халқымызға қалдырған өлмес мұраларына тарихи жолына баяндама жасалып өтті. Оқушылар арасында, С. Жарас, Қ. Кенжалы, Алмасұлы Жан, М. Алмасұлы ақынның поэзиялық өзге туындыларымен қатар,оның өткірлігі мен адалдығы туралы ой бөлісті . Сонымен қатар кітапханашы
Б. Қалиева "Пышан ақын-мәңгі жасар асылымыз" атты жылжымалы кітап көрмесін оқушыларға насихаттап, шолу жасалды. Көрмеге "Қаратал-күндіз күміс , түнде алтын" , "Қасиетті Қаратал", "Қаратал- қасиетті әулиелер мекені" тағы басқа кітаптар қойылды. Көрме аясында кітапханаға 2 жаңа оқырман жазылып, 3 кітап оқуға берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2080787328970838&set=pcb.2080787698970801
31.05.2024 жылы Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай орталық саябақта митинг өтті.Қаратал ауданының тұрғындары қуғын сүргін құрбандарын еске алу мемориалына гүл шоқтарын қойып құрбан болған боздақтарды еске алды. Аудандық кі тапхана қызметкерлері ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін «Қасіретті жылдар құрбандары» атты тарихи кешпен кітапхананың оқу залында жалғастырды. Шapaға 55078 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.Кітапханашылар – Қазақстан тарихының ең қасіретті жылдары миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жан түршігерлік ашаршылықтың тарихын баяндады. Мәдениет үйінің қызметкері Алма Досованың оқушылары Мейіржан Сапарғали, Ершат Байқанұлы, Кәусар Нұрлан. Қазақтың “Ерке сылқым” Кенен Әзірбаев “Ой Жайлау” папури әнін сарбаздар тамашалады. Шара соңында “ Зобалаң жылдар жаңғыры” атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Кітап көрмесіне 20 кітап қойылды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2164157970633773/416303461383872
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, және ақын Нүрила Бектемированың бастамасымен Жетісу газетінің бас редакторы ақын журналист Жұматай Оспанұлының жүргізуімен, ағымдағы жылдың 29 маусымында Үштөбе қаласының тарихи-өлкетану музейінде "Елінің елеулі қызы-ел есінде" атты жазушы-журналист, Қазақстанның Құрметті журналисі Мәкен Сейдахметқызы Өсербаеваның 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Шараға Алматы облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер, Наурыз Қылышбаев; Қаратал ауданының тарихын зерттеуші, өлкетанушы аудынның құрметті азаматы Қараша Қараманов тағыда басқа зиялы қауым қатысты. Шара барысында Қаратал аудандық кітапханаға Мәкен Өсербаеваның "Біз білетін Мәкен апай"атты 25-ке жуық кітаптары сыйға тартылды. Іс-шара барысында М. Өсербаеваға арнайы жазылған "Аяулы әпкем"," Адам деген бар атым", "Ана, әнім өмірім" атты әндерін Аян Берікқызы, Шолпан Мойтапова, Көркем Рабат орындап шықса, "Өмір деген қас қағым"," Кешіріңдер адамдар", монологын Ж. Сбанқұлова орындап, "Тағдырыма", Дүниеден түңілу"," Жаным неге ұшасын", "Бектемір бабама"," Бір жылаған жанға" атты өлеңдерін, әдеби монтаждарын Көксу ауданы Мұқыры халық тетрының актёрлары Ж. Сбанқұлова, Ө. Құдайбергенова, М. Арыстанбаева орындап шықты, сондаяқ "Бір шоқ гүл" атты шағын драманы Мұқыры халық театрының әншісі жәнеде Ж. Игіманның арнау өлеңін Қаратал ауданның ақын қызы Л. Жанбота орындап шықты. Еске алу кешін мәдениет үйінің әншілері Роза Мырзахметованың "Көктем вальсі", Жалғас Мусатаев "Құстар әні" әндерімен кешті қортындылады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/1413703332670633?locale=ru_RU
Қаратал аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Балпық бидің 330-жылдығына орай «Батыр баба-Балпық би» атты библиографиялық шолуды ұсынылды. https://www.facebook.com/100011187729736/videos/1020515559004022?locale=ru_RU
Қаратал аудандық кітапханасы ұлттық киімдерін дәріптеу барысында,қазақ аналарының қазақи киім үлгілерін насихаттауда,қазақ әйелдерінің кимешек,камзол,мәсі киім түрлеріне кітапхана қызметкерлері ақпарат сағатын өткізді.
16.04.2024 жылы ауылдық кітапханамызда "Ескерткіштер-ел тарихы" атты видео ролик өткізілді. Кітапханашы оқушыларға ескерткіштер ұлтымыздың байлығы екенін, оны құрметтеу, қадірлеу керек екені туралы түсіндірілді. Ескерткіш-кешегі тарих ! Ескерткіш-елдің, халықтың мәдени мұрасы. 18-сәуір-Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні екенін оқырмандарға айтып өтті. Шараға 15 оқушы қатысты.
15 мамыр Отбасы күніне орай Қаратал аудандының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жанұям-асыл тірегім» тақырыбында Бастөбе сервистік - техникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен информина сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Отбасы сыйластық пен қамқорлық – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар туралы мағлұмат берді. Сондай ақ «Мерейлі отбасы» атты кітап көрмесін студенттерге насихаттап, библиографиялық шолу жасады. Көрме аясында кітапханаға 2 жаңа оқырман жазылып, 4 кітап қолға берілді.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2153108921738678&set=pcb.2153108948405342
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қарт адамдарға құрмет көрсету мақсатында бекітілген. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – қарттардың қоғамдағы рөлін арттыру, оларға назар аудару және қолдау көрсету. Осы күні көптеген елдерде қарттарды құрметтеу, олардың мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету шаралары ұйымдастырылады. Осы мерейлі мереке күні,біздің ұжым да зейнетке шыққан ардагерлерімізге қошемет-құрмет көрсетіп, "Қарттарым - асыл қазынам" атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізді. Кеште слайд көрсетіліп, түрлі қызықты ойындар ойнатылып, әннен шашу шашылды.
https://www.facebook.com/photo?fbid=2259604827755753&set=pcb.2259609124421990&locale=ru_RU
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2261341630915406&set=pcb.2261343090915260&locale=ru_R
05.02.2024 жылы балалар кітапханасының коворкинг орталығында «Сәндік-қолданбалы өнер» атты шеберлік сағаты өтті. «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелелері «Бала Айдаһар» кітабын дауыстап, кезекпен оқып,кітапханашы ертегі жәйлі сұрақ қойып, балалар сұраққа жауап берді. Шара соңында кітапханада «Комикстер және аниме» бұрышында балалар аниме раскрасканы бояды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2088955308154040&set=pcb.2089009838148587
Жастарға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қаратал ауданының орталық кітапханасы «Діні мықты елдің - іргесі мықты» атты тақырыбында Қаратал аудандық орталық мешітінің наиб иманы Қадыров Әмір Қайратұлы мен сұхбат әңгіме өткізілді. Сұхбат барысында ұлттық құндылық салат- дәстүрлер, әңгімелер жайлы сұхбат алынды.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/998961488653558?locale=ru_RU
19.02.2024 жылы "Кітапханаға кітап сыйла"акциясы аясында кітапхана қорына, кітапхананың тұрақты оқырманы Нурпану Рахимова әр түрлі мазмұндағы 10 дана кітапты кітапханаға сыйға тарту етті.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2098370867212484&set=pcb.2098370907212480
Тіл мерекесі қарсыңында кітапхананың кітап қорын молайту мақсатында Қанабек ауылдық кітапханасында ”Кітапханаға кітап сыйла” акциясы орын алған. Бұл акция аясында 5 қыркүйек күні округ тұрғыны, тарих пәнінің мұғалімі Андасбаев Сержан Ерболғанұлы кітапхананың кітап қорын толықтырып 51 кітап қосып, сый сыйлады. Сыйға сый, сыраға бал демекші Қаратал аудандық кітапхананың атынан кітап қорын толықтырған үшін Сержан Ерболғанұлын марапаттадық.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=548641514170822&set=pcb.548666174168356
Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітаппен дос бол" атты Буккроссинг акциясы өткізілді. Акцияға 70 кітап қойылып,18 кітап айналымға түсті.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/pcb.2197714933944743/1231006134726155?locale=ru_RU
Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтың "Жәлменде би"романына библиографиялық шолу ұсынады . XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген,Іле мен Қаратал өңіріндегі елдерге басшылық жасаған атақты би Жәлменде мен оның баласы Пішан жайында айтылады.Романда осы оқиғалар жайында баяндалады.
https://www.facebook.com/100011187729736/videos/1914872795685723?locale=ru_RU
Қаратал аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Балпық бидің 330-жылдығына орай «Батыр баба-Балпық би» атты библиографиялық шолуды ұсынамыз. https://www.facebook.com/100011187729736/videos/1020515559004022?locale=ru_RU