Мәдениет үйлерінің 12 айда атқарылған мәдени –көпшілік шараларының есебі.

 

Қаратал ауданы бойынша мәдениет үйлерінің  2024 жылының

12 айда атқарылған мәдени –көпшілік шараларының жазбаша есебі.

 

1.Мәдени-демалыс мекемелерінің саны және олардың материалдық-техникалық жағдайы.

 

Қаратал ауданы бойынша 1 аудандық,  12 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, барлығы 63 штаттық бірлікпен оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны 31 бірлікпен аудан көлемінде мәдени қызмет көрсетеді. Аталған мәдениет үйлерінің  2–і күрделі жөндеуден өткен. (Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі, Қанабек ауылдық мәдениет үйі). 1 ауылдық мәдениет үйі жаңадан салынған. (Кәлпе ауылдық мәдениет үйі). 2 блок-модульдік клуб жаңадан салынды. (Ескелді ауылдық блок-модульдік клубы, Жаңаталап ауылдық блок-модульдік клубы)

2024 жылға бөлінген қаржы 250 млн 222 мың теңге, 12 айда игерілген  249 млн 683 мың теңге. 

Мәдени шараларға қаржы  бөлінген жоқ.

2024 жылдарға қатты отынға бөлінген қаражат 7 001 000 теңге, сұйық отынға бөлінген қаражат 3 600 000 теңге (келісімшарт жасалған, 1 қазаннан бастап жеткізіледі).

 

Республикалық,  Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары

 

  • Облыстық «Армысыңдар, адамдар!» ән байқауында:

- Сергазинов Жандос – 1 орын;

 

  • Республикалық байқауда:
  • Каир Диас – 1 орын;
  • Жексенбек Айзере – 1 орын

 

  • Халықаралық «Гүлденген қызғалдақтар» хореографиялық өнер байқауында:
  • «Алтынай» үлгілі би ансамблі – 1 орын
  • Халықаралық «Әр бала-жұлдыз» өнер байқауында:
  • Жексенбек Айзере – 1 орын
  • Аналхан Қазына – 1 орын
  • Нұртай Кәусар – 1 орын
  • Әлібекқызы Айша – 3 орын
  • Леонова Анастасия – 3 орын

 

  • Республикалық «SHASHU» өнер байқауында:
  • Жексенбек Айзере – 1 орын
  • Каир Диас – бас жүлде

 

  • Республикалық көпжанрлы «BRILLIANT STAR» байқауында:
  • Алтынай үлгілі би ансамблі:
  • «Қамажай» биімен – супер гранпри
  • «Андижанская полька» биімен – кіші гранпри
  • «Қара жорға» биімен – супер гранпри
  • «One Two Three» биімен – 1 орын

 

  • Республикалық көпжанрлы «BRILLIANT STAR» байқауында:
  • Аналхан Қазына – бас жүлде
  • Каир Диас – бас жүлде
  • Нұртай Кәусар – ІІ орын
  • Тузикова Анна – ІІ орын
  • Леонова Анастасия – ІІІ орын
  • Төгіс Ерқанат – ІІІ орын
  • Нұрашқызы Назерке – ІІІ орын
  • Ратбек Анель – ІІІ орын
  • Дүйсенбай Ернар – ІІІ орын
  • Аблай Әмірхан – ІІІ орын

 

  1. Көпшілік халықтың мәдени әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету

Қаратал ауданы Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйіне қарасты 12 ауылдық мәдениет үйлері бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады. Аталған мәдениет үйлеріндегі халықтық атағы бар ұжымдармен түрлі бағыттағы үйірмелер толыққанды жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 12 айда атқарылған шаралар саны 2250, оның ішінде ауылдық жерлерде  2250  шара.

          Аудандық және 12 ауылдық мәдениет үйлерінің 2024 жылға бекітілген жоспарлары бойынша мәдени – көпшілік іс-шаралары жүйелі түрде орындалуда. Атап айтқанда :

            Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың бастамасымен Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің мәдениет үйі мен Қаратал ауданының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің кіші залында “Kitap -bılım būlağy” атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы құттықтау сөз Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Айбек Нұрғазыұлы Оңғаровқа берілді, өз сөзінде кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтіп, кітапхананың оқуға құштар, үздік оқырмандарын марапаттады. Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында, жерлесіміз, қаламгер Шорман Қабдырахманұлының “Бұланайдан асқан көш” атты кітабының тұсауы кесілді. Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Киелі мекен Қаратал» атты жергілікті ақын-жазушылардың және мерейтой иелерінің кітаптары қойылып, кітап көрмесі таныстырылды. Жәрмеңкеге 700 ден аса кітаптар қойылып қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері де жәрмеңкеге белсене қатысты, Серғазинов Жандос, Әдікен Жандос, Каир Диас, Арқабаева Ажар әсем әндерін орындап шараның сәнін келтірді. 

            Жыл сайын дәстүрге айналған ауылдық мәдениет үйлерінің ұйымдастыруымен көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауда әділ қазылардың шешімімен өткен жылдың қорытындысы бойынша орын алған мәдениет үйлері мен қатысушы өнерпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 толуына арналған «Ауғанда от кешкендер» атты салтанатты жиын өтті. Жиын аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Аяулы аруларымыздың Халықаралық әйелдердің шуақты мерекесіне орай Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында аудан әкімі Ұлан Досымбеков ақ жаулықты аналарды, әр салада жүрген нәзік жандарды құттықтап, құрмет көрсетті. Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.

Қаратал ауданы Жолбарыс батыр округіне қарасты, Кәлпе ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шарада аудан әкімі Ұлан Досымбеков жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен, сондай-ақ Көрісу күнімен құттықтады. «Тарихи деректерге сүйенсек, бүгін – ежелгі қазақ даласында Наурыздың басталған күні. Бұл күн қазақ халқында ізеттілік пен мейірімділікті, ауызбіршілік пен татулықты дәріптейді. Жақсылықтың нышаны болған бұл мейрам – халқымыздың рухани әлемінің бір көрінісі. Бұл күні адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне береке-бірлік тілейді. Мерекелік шара барысында өнер ұжымдарының қатысуымен Көрісу күнінің мән-мағынасын түсіндіретін қойылымдар көрсетіліп, Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің және Кәлпе ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары наурызға арналған әсем әуендер шырқады.

Қаратал ауданының тарихи-өлкетану музейінде Наурызнаманың төртінші күні –Шаңырақ күні аясында Қаратал ауданында 25, 50 жыл отасқан 3 үлгілі жұптардың Алтын, Күміс тойлары өтті. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Нұрғазыұлы арнайы келіп жұптарымызды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Жылына бір келетін Наурыз мерекесі ауданда жақсы көрініспен бастау алды. Мерекелік сахна әдеттегідей ән мен жырға толды. Ұлттық киім киген аудан өнерпаздары да Наурыз тойын шаттық тойы етіп тойлады.
Орталық жастар стадионында жиналған тұрғындарды аудан басшысы Ұлан Досымбеков құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Наурыз көріністері, әнмен, бимен көркемделген шара, наурызды думанға ұласты. Киіз үйлер тігіліп, оған еңбек ардагерлері шақырылды. Онда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге бай қазақ халқының «Ұйқыашар, селтеткізер», «Ұлттық ойындар», «Құйрық-бауыр тарту», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» секілді көріністерді тамашаланды. Мерекеде гір тасын көтеріп, арқан тартысып, тоғызқұмалақ, асық ойнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген жастар ұлттық ойынның көркін қыздырды. Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін ыстық бауырсақ пен наурыз көже тегін таратылды.

Үштөбе қаласының орталық алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын шымылдығы сарбаздар мен оқушылар шеруімен ашылды. Жиында сарбаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары көрермендерге өнерлерін паш етті.

9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай барлық ескерткішке гүл шоқтарын қою, батырларға тағзым ету рәсімі өтті. Азаматтар, қала тұрғындары, жастар ескерткіштерге келіп, батырларымызға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнер көрсетті.

Елімізде алғаш рет «Аналар күні» мерекесі болып бекітілді. Аналар күні мерекесіне орай, аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде “Ана -өмір бастауы” атты іс шарасы өтті. Ақ жаулықты аналарымыз еріне – тірек, ел бірлігіне – тұтқа болып, өз иықтарымен бар ауыртпалықты арқалаған. Болашақ ұрпаққа үлгі бола білген және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына айрықша үлес қосқан аналарымызды аудан әкімінің орынбасары А.Оңғаров мерекемен құттықтап, аудан әкімі Ұ.Досымбековтың алғыс хаттарын табыс етті. Шара барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Досмолданова мен жастар орталығының жетекшісі Н.Рақметқазынов аналарға деген құрметтерін білдіріп құттықтауларын арнады. Іс шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша «Олимп шыңы» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың пән олимпиадасы, зерттеу жобалары конкурстары, шығармашылық байқау мен оқуларының аудандық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнер көрсетті.

Орталық саябақта 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара кең ауқымда аталып өтті.
Мерекелік бағдарламада сондай-ақ, асфальтқа сурет салу байқауы, спорттық эстафета, ертегі қойылымдары, қол-өнер көрмесі өтті және де балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Қаратал тарихи-өлкетану музейінде Балпық бидің туғанына 330 жыл толуына орай облыстық ғылыми конференция өтті. Аталған шараға зиялы қауым өкілдері, ақын - жазушылар, өлкетанушылар, зерттеушілер қатысты. Аталған шара соңында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әуелете ән салып, тамылжыта күй шертті.

Елімізде алғаш рет белгіленген Әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» атты мерекелік іс шара өтті. Шара соңы аудандық өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қала, ауылдық округтерден 36 өтінім қабылданып, 18 отбасының жұмыстары аудандық іріктеу кезеңінің комиссия отырысында қаралып, әділ қазылардың төрелігімен шешім шығарылды.
        Осыған орай,  Үштөбе қаласының өлкетану музейінде «Мерейлі отбасы-2024»  ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

          Жоспардан тыс Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырмасына сәйкес, әр сәрсенбі күні қала тұрғындарына мәдени - көпшілік шараларды ұйымдастыру барысында К.Тоқаев атындағы скверде «Өнер-өмір жемісі» атты аудан өнерпаздарынан концерттік бағдарлама өткізілді.

          Астана береке бірлігіміздің ұйытқысы, айбыройымыздың айғағы. Астана бүгінгі күні еліміздің бой тұмарына айналып, тұрақты дамудың өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Халықты біріктіретін Отанымыздың орталығы, ұлттық идеясы. Осыған орай, Қаратал ауданы, “К.Тоқаев” скверінде Астана күніне орай «Әсем қала-Астана» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада аудан тұрғындарына аудандық орталық кітапхана ұжымының ашық кітап көрмесі халық назарына ұсынылды. Шара Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен жалғасты.

           Мемлекет басшысының Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілген. Ұлттық домбыра күні мерекесі Жетісу облысында тікелей эфирмен бір уақытта бастау алды. Облыстық деңгейді ұйымдастырылып отырған мәдени шараға Қараталдықтар де өз үлестерін қосты. Осы орайда, Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйі ансамблінің сүйемелдеуімен «Бақтыбайдың әуені» күйі орындалды.

          Ұлттық домбыра күніне орай аудандық және аулдық мәдениет үйлерінің домбырашылар ансамбльдерінің сүйемелдеуімен «Ән-домбыра, күй-домбыра» атты мерекелік шара аталып өтті. Рухани кеште Үштөбе қаласының әкімі Қ.Тәттіғалиұлы домбыраның құндылығына тоқталып, барша домбыраның құлағында ойнаушыларды айтулы мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, Домбырашылардың жетекшілері мен шәкірттерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Домбыра күніне арналған кеш соңы аудандық және ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының әуезді күйлерімен ұласты.

          Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырмасына сәйкес, әр сәрсенбі күні аудан тұрғындарына мәдени - көпшілік шараларды ұйымдастыру барысында К.Тоқаев атындағы скверде «Жұлдызыма келем» атты аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтті.

          Шілде айының айлық жоспарына сәйкес  Қызылбалық ауылдық округінде «Балықшылар» күніне орай мәдени - көпшілік шара өтті. Шара барысында округ әкімі С.Берекетайұлы балықшылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, зейнетке шыққан балықшыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады. Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
          Биыл елімізде алғаш рет ветеринариялық қызметкерлері күні аталып өтілді. Осы орайда,  Үштөбе қаласының өлкетану музейінде ветеринария қызметкерлері күніне арналған меркелік іс-шара өтті. Шара соңы аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарламасына ұласты.

          Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырмасына сәйкес, әр сәрсенбі күні мәдени - көпшілік шараларды ұйымдастыру барысында Үштөбе қаласындағы “К.Тоқаев” скверінде мәдениет үйінің өнерпаздары еркін тақырыпта аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама өткізді.

          Мәдени көпшілік шаралардан бөлек, аудандық мәдениет үйі қызметкерлері сенбілік жұмыстарына да ат салысуда. Атап айтқанда, Ескелді би кесенесінің айналасы қоқыстан тазартылды.

          10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай күні – қазақтың ізгілік пен ізденіс, өркениет пен жаңғыру жолына басқан тағы бір айқын қадамы. Осы орайда, 10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Үштөбе қаласы, К.Тоқаев атындағы скверде мерекелік іс-шара аталып өтілді.

          Қасиет тұнған қазақ елінің бүгінгі күнге дейін өсуі жолында елімізге қорған болған ата заңымыздың өмірге келгеніне биыл 29 жыл. Осынау мәні терең мерекеге орай, Үштөбе қаласының өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік жиын өтті. Шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламаларына ұласты.

Аудандық және 12 ауылдық мәдениет үйлерінің 2024 жылға бекітілген жоспарлары бойынша мәдени – көпшілік іс-шаралары жүйелі түрде орындалуда. Атап айтқанда :

            Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.

          Жоспар бойынша   Ұстаздар күніне арналған “Ұстаз ұлы есім” атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті.

          Биыл елімізде алғаш рет Құтқарушылар және орман шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі аталып өтті.

           Республика күніне орай «Мемлекетім Қазақстан» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

          Республика күні қарсаңында Үштөбелік 20-ға жуық тұрғынына жаңа үйдің кілті табыс етілді.

Мәдени көпшілік шаралардан бөлек, аудандық мәдениет үйі қызметкерлері сенбілік жұмыстарына да ат салысуда. Атап айтқанда, Ескелді ауылдық блок-модульдік клубының айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйіне Бикен Римова театр ұжымы гастрольдік іс- сапармен келіп, арнайы тапсырыспен қойылған сыбайлас- жемқорлыққа қарсы С. Әбдіхалықовтың «Көке» спектаклін көрермен назарына ұсынды.

Жетісу облысының мәдениет басқармасы “Жетісу” телеарнасының қолдауымен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау, үлкен сахнада таланттарын ашып шығармашылықпен айналысуына қолдау көрсету мақсатында “Жарқыра” атты өнер байқауы іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.

          Үштөбе қаласының тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Корея-Қазақстан достық қоғамының делегациясы Қаратал ауданы әкімдігімен кездесті.

          Ескелді ауылында спорт кешені мен Ескелді ауылдық блок-модульдік клубының ашылу салтанаты өтті. Шара соңы аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарламасына ұласты.  

Қаратал ауданы Бастөбе ауылында “Жанұя” отбасын қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

          Спортық шараларға тоқталсақ: Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Ембергенов Асхат Рысбекұлының зейнетке шығу құрметіне арналған Жетісу облысы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері арасындағы волейбол турнирі өтті. 

Орталық стадионда Үлкен футболдан ағайынды Анацкийларды еске алуға және жазғы маусымашарға арналған Қаратал ауданының турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Үштөбе қаласының орталық алаңында “Спорт есірткіге қарсы” атты Қаратал аудандық марафоны өтті. Марафон соңында жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Марафонды аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының әсем әнімен тәмәмдады.

Республика күніне орай Қаратал ауданы тұрғындары арасында марафон жарысы өткізілді.

 

  1. Есеп –қисап жұмыстары. Ақылы қызметтен түскен қаражат және оның тиімді жұмсалуы.

 

2024 жылдың 12 айда Аудандық Қабылиса жырау атындағы мәдениет үйіне 989 500 мың теңге ақылы қызмет көрсетілді. Қаражаттар мәдениет үйінің сыртын жарықтандыруға, мәдени көпшілік шараларға, түрлі қажеттіліктерге жұмсалды.

 

  1. Кадр. Тарификациялық тізімі

Аудан көлемінде барлық штататық бірліктер – 63. Оның ішінде негізгі штаттар саны – 31.

 

  1. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып Әбіл Әлішер Жүнісбекұлы 2020 жылдың 1ші қыркүйегінен бастап жұмыс атқарады.

Бастөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры болып Мусатаев Жалғас Ерғазыұлы 2023 жылдың 1 ші қыркүйегінен бастап жұмыс атқарады.

Жылыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры болып Сергазинов Жандос Жұмағазыұлы 2023 жылдың 1 ші қазанынан бастап жұмыс атқарып келеді.

Алмалы ауылдық мәдениет үйінің директоры болып Кайрбаева Гульдана Бахытжановна 2023 жылдың 9 шы қыркүйегінен бастап жұмыс атқарып келеді.

     

  1. 2024 жылы күрделі жөндеуге кірген және жаңадан салынатын мәдениет үйлері туралы мәлімет.

Айту би ауылдық округіне қарасты, Көкпекті ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат 253 млн теңге.

Қызылбалық ауылдық округіне қарасты,

Қарақұм ауылдық клубына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.   

Жаңаталап, Ескелді ауылдарында БМК салынды. Бөлінген қаражат: Жаңаталап 250 млн теңге, Ескелді 250 мле теңге бөлінді.

 

  1. Мекемелердің техникалық құжаттарының дайындалу барысы

Қаратал ауданы бойынша 13 мәдениет үйлері мен клубтар  жұмыс істейді.  Бүгінгі таңда барлығының техникалық құжаттары мен жер актілері бар. Мәдениет үйлері ғимараттары Әділет басқармасында тіркелген.

 

  1. Шешімі табылмаған мәселелер

 

  • Бастөбе, Қаражиде, Көпбірлік ауылдық мәдениет үйлеріне жаңа ғимарат қажет.
  • Жылыбұлақ ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Дата публикации
10 января 2025