Жылдық есеп «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі

2024 жылға Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта мерзімді даму бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты

 

2024 жылы әлеуметтік төлемдерге жоспарланған 1 миллиард                            51 миллион 164 мың теңге қаражаттың 1041442,0 мың теңгесі игеріліп, жылдық жоспардан бюджеттің атқарылуы 99,1% құрады.

 Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес  бөлім мамандарымен Мемлекеттік қызметтің 16 түрі көрсетіледі.

2024 жылғы 31 желтоқсанына бөліммен 3650 қызмет көрсетілді.

2024 жылы ауданда 2407 жұмыс орынын құру жоспарланған, оның ішінде 1213 тұрақты, 1194 уақытша (2023 ж.-2269 + 138).

2024 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында аудан бойынша 2732 жұмыс орны құрылды (оның ішінде 1206 уақытша), бұл жылдық жоспардың 113,5  пайызын құрады.

Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2023 жылы 4,9% құрады (облыстық деңгей - 4,9%). 2022 жылмен салыстырғанда төмендеу 0,8% құрады (2022 жыл - 5,7%).

Еңбекші көшіп келушілерге (мигранттар) 172 рұқсат берілді.

Бекітілген квотаға сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 1 адам және мүгедектігі бар адамдар үшін квота бойынша 16 адам жұмысқа орналастырылды.

2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына                         (5200 отбасы мүшелеріне) 439 миллион 035 мың теңге жоспарланған.

Ағымдағы жылдың он екі айында атаулы әлеуметтік көмек 769 отбасына, оның ішінде 3767 адамға 432191,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Бюджет қаражатын игеру 98,4,0 пайызды құрайды.

2023 жылдың он екі айымен салыстырғанда, бүгінгі күні атаулы әлеуметтік   көмек алушылар саны 126 отбасыға азайып, атаулы әлеуметтік көмекке  төленетін  сомма 107701,0 мың теңгеге үнемделді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 51 миллион 045 мың теңге жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар 491 отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5538 теңге) барлығы ағымдағы жылдың он екі айында 618 отбасы, оның ішінде 1106 балаға  48272,0 мың теңге  қосымша төлем төленіп, бюджет қаражатын игеру                               94,6 пайызды құрады.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800-ден астам әлеуметтік көмек алушыларға                     60 миллион 767 мың теңге жоспарланған.

Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 176 балаларына  тамақтануы үшін  жыл басынан 23659,0 мың теңге төленді.

Жетісу облысы әкімінің 2024 жылғы 06 маусымдағы №173 қаулысына сәйкес, маусым айынан  бастап бала-бақша ақысы 3 жасқа дейінгі балаларға 16,0 мың теңге және 4 жастан жоғары балаларға 17,0 мың теңгені құрайды. 

Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына  шалдыққан  тіркеуде тұрған                 36 азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 7 АЕК мөлшерінде, яғни 25844 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 12 айға 5241,0 мың теңге төленді.

АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан 3114,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аудан әкімдігі жанындағы «Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау» жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен әлеуметтік көмек 6 адамға 2262,2 мың теңге тағайындалып төленді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 адамға 498,4 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.

Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмек 39 адамға 7800,0 мың теңге (1 адамға 200 000 теңге) төлем жүргізілді.

Ұлы жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай, Чернобыль апатынан зардап шеккен 16 ардагерлерге  2400,0 мың теңге (1 адамға 150 000 теңге), Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындаған ҚР 10 әскери қызметшісіне, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ҚР 3 әскери қызметшісіне 1950,0 мың теңге (1 адамға 150 000 теңге), 97 тыл еңбеккерлері мен   қайтыс болған соғыска қатысушылардың 3 жесірлеріне 6000,0 мың теңге (1 адамға 60000 теңге), бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің 14 отбасыларына 150,0 мың теңгеден, 2100,0 мың теңге. Аудан бойынша барлығы 143 адамға 12450,0 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Қаратал ауданында тұратын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 187 балаға  6 АЕК мөлшерінде 22152 теңгеден, барлығы 4142,4 мың теңге бір реттік төлем жүргізілді.

Жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарында оқып жатқан отбасы жағдайы төмен 3 студентке 1600,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

Бюджет қаражатын игеру 100,0 пайызды құрайды.

500 адамға жоспарланған 6 миллион 406 мың теңге тұрғын үй көмегі  2024 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында төленеді. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына 6406,0 мың теңге сомасына 179 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жоспарланған әлеуметтік көмек  13 миллион 919 мың теңге.

Бүгінгі күнге 754 ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс жасайтын мамандарға 13918,8 мың теңгеге отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу  мемлекеттік қызметі бойынша – 3899,0 мың теңге, жыл басынан 51 адамға жәрдемақы тағайындалып, 3899,0 мың теңге төленді. Бюджет қаражатын игеру 100,0 пайызды құрады.

«Үміт» жобасы туралы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру – 2924,0 мың теңге.

Мемлекеттік сатып алуға сәйкес «Алпамыс» мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтарға күтім жасау жөніндегі қоғамдық бірлестік өнім беруші болып табылады. Бүгінгі таңда жобаға сәйкес 10 қарт азаматқа қызмет көрсетуге 2923,0 мың теңге жұмсалды. Бюджет қаражатын игеру 100,0 пайызды құрайды.

Отбасын қолдау орталығының ашылуы - 60 миллион теңге.

2024 жылғы 12 шілде күні № 358 қаулысы негізінде «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. 2024 жылғы 1 тамызынан бастап  «Жанұя» отбасын қолдау орталығының» штаттық кестесі бойынша 19 қызметкер бекітіліп, оның ішінде 16 қызметкер жұмыс істеуде.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша  мобильдік топ  2024 жыдың 28 маусымында аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, мобильдік топтың құрамына   163 мамандар тізмге енгізілген, оның ішінде  қала, ауылдық округ әкімдері, денсаулық саласы, білім саласы, полиция бөлімі және  «Мансап» орталығы  бірлесе жұмыс жасауда. 

«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ «Жанұя» отбасын қолдау орталығының» КММ-нің  ғимаратының   жалпы ауданы 546  шаршы метр және 15 жатын орынға  және құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

2024 жылдың  11 желтоқсанда «Жанұя» отбасын қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту бағдарламасына 251966,0 мың теңге жоспарланған.

Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1214 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 190, I  топтағы жандар 95 адам, II топтағы жандар 506 адам,  III – топтағы азаматтар 423 адам).

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға 665 өтініш қабылданды. Оның ішінде 121 мүгедек протездік-ортопедиялық көмекпен, 17 мүгедек сурдотехникалық, 10 мүгедек тифлотехникалық, 38 мүгедек  қол-арбамен, 215 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен, 90 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 17 мүгедек тіл мамандарының қызметімен, 155 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамсыз етілуде.

Ағымдағы жылы  90 жеке көмекшінің жалақысына 111 миллион 459 мың (оның ішінде 87 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 3 адам  жеке тұлғалар ретінде) және 1 топтағы мүгедектігі бар 17 адам ымдау тілі маманының жалақысына 6659,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Барлығы 251966,0 мың теңге жұмсалды. Игеру пайызы-100,0

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тегін тасымалдауға «Инватакси» қызметіне арналған шығыстар ағымдағы жылдың  31 желтоқсанына 9623,0 мың теңгесі игерілді.

Мүгедектігі бар 47 адамның барлығы 6186 өтінімі қанағаттандырылды ("Инватакси" қызметінің әлеуметтік тапсырысын орындаушы «Қаратал мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады).

2024 жылы медициналық-әлеуметтік мекемеге 13 қарт, оның ішінде 1 мүгедектігі бар адам («Шапағат» Текелі қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы) және Қоғалы ауылының психоневрологиялық интернатына - 2 мүгедектігі бар адам орналастырылды.

Қарттар мен  мүгедектегі бар адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы қызметтер көрсету жөніндегі бөлімшелердің меңгерушілерімен бірлесіп, үйлеріне барып мониторинг жүргізіледі.

Бөлімшелерде барлығы 88 қарттар және 68 мүгедектегі бар балалар тіркелген.

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының      қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2024 жылға ауданда жоспарланған                       (4 денсаулық сақтау, 1 мәдениет, 1 білім), атап айтқанда:

Тастөбе ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті, Бастөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Алмалы ауылдық ауылдық ауруханасы, Жаңаталап ауылдық дәрігерлік амбулаториясы,  Үштөбе қаласының тарихи-өлкетану мұражайы және Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжінде пандус дайындау және орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

2024 жылы 31 меншік иесіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 154-бабының 1-тармағына сәйкес ескертпе берілді. Ескертпеде инфрақұрылым нысанын қажетті стандарттарға сәйкестендіру ұсынылды.

2025 жылы әлеуметтік төлемдерге 1 миллиард 386 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда, оның ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 906 миллион 614 мың теңге;

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 91 миллион 813 мың теңге;

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800 ден астам алушыға 89 миллион 190 мың теңге;

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 17 миллион 183 мың теңге;

Үйден тәрбиеленіп оқытылытын мүгедек балаларды материалдық қамтамасызщ ету – 4247,0 мың теңге;

200 адамға тұрғын үй көмегіне 21 миллион 046 мың теңге;

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға 247 миллион 167 мың теңге;

Инватакси қызметі  9 миллион 623 мың теңге.

Аудандағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2023 жылы 4,9% құрады, ал 2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендейді деп жоспарлануда.

2025 жылы 2500-ге дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ұйымдардың өз қаражаты, тікелей отандық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша 2025 жылға өтінім берілді (5 білім беру объектілері).

 

Дата публикации
10 января 2025