«Жылыту орталығы» ЖШС-нің 2024-2025 жылыту кезеңінде жылу желілеріне қосылған тұтынушылар саны, жылыту ауданы:
|
№ |
Жылу тұтынушы ұйымдар, т.б. |
Саны |
Жылыту ауданы, м2 |
|
1 |
Бюджеттік ұйымдар |
22 |
50227,09 |
|
2 |
Басқа ұйымдар |
50 |
9058,765 |
|
|
Барлығы: |
72 |
|
|
3 |
Халық тұрғын үйлер - көппәтерлі үйлер - жекеменшік үйлер |
9 (282 абонент) 6 (7 абонент) |
14127,25 787,2 |
|
|
Барлығы: |
|
74200,305 м2 |
Қазіргі таңда тұтынушылардың жылу энергиясына сұранысы өсуде.
Биыл 2024-2025 жылыту кезеңде қосылған жаңа нысандар:
|
№ |
Жылу тұтынушы нысандар |
|
1 |
Қаратал қаржы бөлімі |
|
2 |
36 көппәтерлі халық тұрғын үй «Шаңырақ-1» |
|
3 |
«JLC Cут» жауапкершілігі шектелуі серіктестігі. |
Жоспар бойынша келешекте 2025-2026 жылыту кезеңінде қосылатын жаңа тұтынушылар:
|
№ |
Жылутұтынушы нысандар |
|
1 |
600 орындық мектеп |
|
2 |
көппәтерлі халық тұрғын үй «Шаңырақ-4» |
|
3 |
60 көппәтерлі халық тұрғын үй, Ақын Сара көшесі. |
|
4 |
40 көппәтерлі халық тұрғын үй. |
«Жылыту орталығы» ЖШС жылу желілерінің ұзындығы:
|
№ |
Жылу желілер |
Ұзындығы, м |
|
1 |
- магистральды желілер |
4127,128м *2 құбыр = 8254,256 м |
|
2 |
- тарату желілер |
6296,872м * 2 құбыр = 12 593,744 м |
|
|
Барлығы: |
10424 м * 2 құбыр = 20848 м |
Жылу магистральдың орналасу ерекшеліктерін атап өту керек, жалпы трасса бойынша 15 дана компенсатор бар, оның ішінде біразы темір жол үстімен өтеді.
Жылумен жабдықтау қызметінің сапасын арттыру мақсатында, қолданыстағы диаметрі 219 мм құбырларын диаметрі 325мм-ге ауыстыру жұмыстарына қайта жаңарту жүргізу жобаланған, ұзындығы 1,853км * 2 құбыр = 3,706 км болады. Пенополиуретанмен оқшауланған болатты құбырмен орналастыру көзделген.
2024 жылдың 28 тамызында №113 Мердігер ұйым "ESG HOLDING" ЖШС-мен тапсырыс беруші арасында келісім шарт жасалды. Жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 837, 9 млн. теңгені құрайды. Кәзіргі таңда керекті құбыр диаметірі 325 мм-лік, 246 данасы «Жылыту орталығы» ЖШС қазандық аумағына жеткізілді.
2023 жылы блокты модульді қазанды құрлысы басталып Үштөбе қ. Линейный көшесі, 85 мекенжайында орнатылды.
2024 жылдың сәуір айында қазандықты пайдалану бойынша алғашқы сынақтан өткізілді.
2024-2025ж.ж. жылыту кезеңі 4 қазан 2024 жылы басталды, мазут отынымен істейтін бу қазандар қолданыста болды. Былтырғыдан қалған 576 тонна мазуттың 410 тоннасы жұмсалды, өз қорымызда 166 тоннасы қалды.
12 қараша 2024 жылынан бастап блокты модульды қазандығы іске қосылды.
Үш қазан маркасы TEMRON WL3500 бинарлы жанарғымен жабдықталған - негізгі отын ретінде табиғи газ, ал резерв ретінде дизель отыны пайдаланылады. Төртінші қазан маркасы TEMRON WL3500 тек табиғи газбен ғана жұмыс істейді.
|
№ |
Қазанның маркасы |
Номиналды жылу өнімділігі |
Саны |
Жанарғының жұмысы |
|
1 |
TEMRON WL 3500 |
3 Гкал/сағ |
3 |
Бинарлы – табиғи газбен және дизель отынмен. |
|
2 |
TEMRON WL 3500 |
3 Гкал/сағ |
1 |
Табиғи газбен ғана. |
Барлық жылу қуаты 140 000 шаршы метр жылыту алаңын қамтуға мүмкіндік береді.
Д.Қонаев көшесі, №80 мекенжайында орналасқан көппәтерлі халық тұрғын үйді жылытуға автономды қазандық жұмыс істейді. Отын ретінде дизель отыны пайдаланылады.
Жоспарланған дизель отыны, табиғи газ субсидия арқылы алынады.
|
№ |
Қазандық |
Пайдаланатын отын түрі |
Мөлшері |
Ескертпе |
|
1 |
Блокты модульды қазандық |
Негізгі отыны - табиғи газ |
4 646 232 м3 |
Тұтынуына қарай алынады |
|
2 |
Блокты модульды қазандық |
Резерв отыны – дизель |
38286 литр |
Толығымен алынды |
|
3 |
Автономды қазандық |
Дизель отыны |
40 000 литр |
Толығымен алынды |
Резервтік дизель отын үшін сыйымдылығы 50 м3 екі резервуарлар орнатылды.
Негізгі жабдық жұмыс режимінде пайдаланылады және резервте керекті қосалқы бөлшектер қорымен қамытылумыз.
Қосымша технологиялық жабдықтар қалыпты жұмыс істеуде.
Электрэнергияны КТПГ-630/10-0,4 кВ трансформатор подстанциясынан жабдықтанамыз.
1.Стационарлық дизель генератор ДГА-320 кВт.
2.Электрэнергиямен жабдықтаудың резервтік әуе желісі ВЛ-10кВ бар.
2025-2026 жылдарда атқарылатын жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған іс-шаралар жоспарланған.
Тұрғын үй халық жылу тұтынушылары жылу беру қызметіне 605 000 тенге қарызы бар.