Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңының 31 -37 бабы және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 6, 9 баптарына сәйкес, Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қаратал ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Қаратал ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.