2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қаратал аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1506 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1063 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 38 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратал аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 3 сайлау округі бойынша

Астраханцева О.В. үшін сайлаушылардың 746 дауысы берілді,

Ляшко А.Г. үшін сайлаушылардың 122 дауысы берілді,

Федотова-Калошина Ю.И. үшін сайлаушылардың 158 дауысы берілді «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 22;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратал аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№ 3 сайлау округі бойынша – Ольга Викторовна Астраханцева, 1971 жылы туған, Қаратал аудандық орталық ауруханасының педиатр-дәрігері, Қаратал ауданы Кішітөбе ауылының тұрғыны.

 

Қаратал аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 декабря 2024