Конкурстық ұсыныстарды қарау жөніндегі конкурстық комиссия, 2024 жылдың 26 тамызда жарияланған автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету жөніндегі конкурстың жеңімпаздарын анықтау және оларды бағалау хаттамасы

 

Конкурстық ұсыныстарды қарау жөніндегі конкурстық комиссия,

2024 жылдың 26 тамызда жарияланған автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету жөніндегі конкурстың жеңімпаздарын анықтау және оларды бағалау хаттамасы

 

Үштөбе қ.                                                                                                2024 жыл «27» қыркүйек

 

Төрағалық етуші:                                                                      Чамиренов Мақсат Бейсбекұлы

 

Қатысқандар: конкурстық комиссия мүшелері

  1. «Қаратал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы
    Уәлиев Т.Р.;
  2. Қаратал АПБ ӘПБ-нің Әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы полиция аға лейтенанты – Умаров Н. И.;
  3. «Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің көліктегі бақылау бөлімінің басшысы – Батырбекова Ж.А.;
  4. «Талдықорған қалалық қоғамдық көлікті тасымалдаушы кәсіпорындар қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің директоры – Канаев Д.Е.

Комиссия хатшысы (конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз) – Квон В.В.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Үштөбе қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы қорытынды шығара отырып:

Конкурстық комиссия 2024 жылғы 27 қыркүйекте сағат 16.00-де отырыс өткізді. Конкурстық құжаттаманы тексеру және қарау процесінде отырыс қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 174-тармағы бұзылғандықтан 2024 жылдың
26 тамызында жарияланған автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың күші жойылсын(конкурс алдындағы комиссияның анықтамалары, өтінімдері бар конверттер жоқ қатысушылар мөрленбеген). Конкурс алдындағы комиссияның төрағасы В. В. Квонға қатысты ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану жөнінде шаралар қабылдансын.

 

 

          Комиссия төрағасы                                                                    Чамиренов М.Б.

 

 

          Комиссия хатшысы                                                                                Квон В. В.

(конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз):

Дата публикации
02 октября 2024