2024 жылы 22 қыркүйекте Балпық сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Балпық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1069 азамат енгізілді, оның 920-ы, немесе 86,1% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 9, «бәріне қарсы» деген жолда – 8.
Кандидаттар саны – 3, барлығы өзін өзі ұсынғандар.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Бекбосынов Р.Н. – 652; Билал Л. – 96, Саякбаев І.М. – 155.
Балпық ауылдық округінің сайланған әкімі Рүстем Нұрәділұлы Бекбосынов, 1980 ж.т., Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 22 қыркүйекте сайланған Қаратал ауданы Балпық ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 23 қыркүйекте № 53 қаулысымен тіркеді.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы