Жетісу облысы Қаратал ауданы
Айту би ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылы 15 қыркүйекте Айту би сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Айту би ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Айту би ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Айту би ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 845 азамат енгізілді, оның 692-ы, немесе 81,9% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 36, «бәріне қарсы» деген жолда – 15.
Кандидаттар саны – 3, барлығы өзін өзі ұсынғандар.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жабықбаева З.С. – 98; Сағатбеков М.С. – 444, Шұратбаев М.Б. – 99.
Айту би ауылдық округінің сайланған әкімі Медет Серғазыұлы Сағатбеков, 1985 ж.т., Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Қаратал ауданы Айту би ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 16 қыркүйекте № 50 қаулысымен тіркеді.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы