Қаратал ауданының 2020 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп

2020 жылдың 1 шілдесіне өнеркәсіп саласында  өндірістік көлемі 1274,8 млн.  теңге , ФИК 100,2 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 93,4 пайыз (2019 жылы 1364,4 млн.тенге) Жылдық жоспар 2899,9 млн. теңге. 

 

Инвестиция

Аудан бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне 4138,3 млн.  теңге инвестиция тартылды, немесе 2019 жылмен салыстырғанда 142,8 пайызды құрайды (2019 жылы 2897,9 млн.тенге),  индекс көлемі 140,4 пайыз. Жылдық жоспар 8690 млн.тенге.

 

Бөлшек тауарайналымы

Бөлшек тауар айналым көлемі 2020 жылдың 1 шілдесіне 3130,9 млн. теңге құрады,  индекс көлемі 100,1 пайыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда 107,1 пайыз (2019 жылы 2924,5 млн.тенге)  Жылдық жоспар 11191,7 млн. теңге.

 

Шағын және орта бизнес

2020 жылдың 1 шілде айында жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2322 бірлікті құрады. Соның ішінде: заңды тұлғалар –126 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 1070 бірлік, шаруа қожалықтары – 1126  бірлік. Осы саладағы жұмыспен қамтамасыз ететіндердің саны – 5070 адам, өндірілген өнімдердің (тауарлар, жұмыс және қызмет) көрсету көлемі 4192,3 млн.теңге өсім деңгейі 103,0 пайыз (2019 жылы – 4070,2 млн. теңге),  осы салада бюджетке түскен салық көлемі 272,7 млн.тенгені немесе 2019 жылмен салыстырғанда 116,3 пайызды құрады.

Қаратал ауданының 2020 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата публикации
30 сентября 2020