Жетісу облысы Қаратал ауданы
Тастөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылы 8 қыркүйекте Тастөбе сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Тастөбе ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Тастөбе ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 586 азамат енгізілді, оның 476-ы, немесе 81,2% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 26, «бәріне қарсы» деген жолда – 38.
Кандидаттар саны – 3, барлығы өзін өзі ұсынғандар.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Ашықбаев Д.Т. – 84; Әбілқасым Ж.С. – 42, Нұрғалиев Е.К. – 286.
Тастөбе ауылдық округінің сайланған әкімі Ермек Кәкімбайұлы Нұрғалиев, 1981 ж.т., Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 8 қыркүйекте сайланған Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 9 қыркүйекте №43 қаулысымен тіркеді.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы