Қаратал аудандық аумақтық референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Қаратал ауданының аумақтық референдум комиссияларының құрамдарын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Қаратал ауданының аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Үштөбе қаласы, Т. Құсмолданов көшесі, 21, «Сервистік әкімдік» ғимараты, 1 қабат. Телефон: 8 (72834) 20002
Комиссия төрағасы – Истыбаева Ардақ Сәкенқызы;
Төрағаның орынбасары – Берлінбаев Бағлан Қанапияұлы;
Хатшысы – Тлектесов Дамир Ардақұлы;
Комиссия мүшелері: Жұманов Бейсенбі Нұржауұлы, Көбегенова Диана Қайратқызы, Сәлімова Диана Асқарқызы, Биболов Еділ Бақбергенұлы.
Аумақтық референдум комиссиясыларының жұмыс уақыты:
сағат 09.00 ден – 18.30 дейін.
Үзіліс уақыты: сағат 13.00 ден – 14.30 дейін.
Қаратал аудандық аумақтық референдум комиссиясы