1 тарау. Жалпы ережелер
1) конкурс – жер учаскесін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жер учаскесін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру нысаны;
2) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық жаңғыртатын құжат;
3) қатысушы – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғасы;
4) ұйымдастырушы – мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
5) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, технологиялық қасиеттерін, орналасқан жерін, рельефін, климатын, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктерін) есепке ала отырып, оның неғұрлым ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, жақын болашақта ауыл шаруашылығы жерлері аумақтарының ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.
2 тарау. Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты веб-порталда
электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1) жалға берушi мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін:
жерге орналастыру жобасын;
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатында уақытша өтеулі жер учаскесін жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасын;
шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелерді;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді енгізеді;
2) конкурс объектісі құрылғаннан кейін веб-портал конкурсты өткізу күнін, уақытын және «Конкурсқа өтінім қабылдау» мәртебесін автоматты түрде береді;
3) веб-порталда «Конкурсқа өтінім қабылдау» мәртебесі және конкурсты өткізу күні мен уақыты бойынша мәліметтер көрсетіледі.
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ өтінім беру мерзімі;
2) жер учаскесінің сипаттамасы (жер учаскесінің орны, ауданы, алқаптың құрамы, топырақтың сапалық сипаттамасы, бонитет балы, сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы).
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген тұлға болып табылғанда;
2) өтініш берушіде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жалпы жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 4-тармағында сәйкес белгіленген шектi (ең жоғары) мөлшерден асқанда;
3) өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлға болып табылғанда;
4) өтініш берушіде бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегі болғанда (салық берешегі).
егістік үшін:
1) белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы болған кезде (өтінім беру сәтінде соңғы 12 ай ішінде):
25-тен 100 ат күшіне дейін – 3 балл;
100-ден 1000 ат күшіне дейін – 5 балл;
1000-нан 5000 ат күшіне дейін – 7 балл;
5000 ат күшінен артық – 10 балл;
2) ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтінім беру сәтінде кемінде бес жыл):
ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл;
ауылдық округте – 5 балл;
3) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл;
4) қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш беру сәтінде әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы және салық аударымдары болған жағдайда):
5 қызметкерге дейін – 1 балл;
5 және одан да көп қызметкерден – 2 балл;
5) ісін жаңа бастаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл;
6) әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
1) малы болғаны үшін (Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорының мәліметтері бойынша өтінім берген кезде соңғы 12 ай ішінде орта есеппен):
10-нан 50 шартты басқа дейін – 3 балл;
50-ден 100 шартты басқа дейін – 5 балл;
100-ден 500 шартты басқа дейін – 7 балл;
500-ден астам шартты бас – 10 балл;
2) белгіленген тәртіппен тіркелген, меншіктегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы болған кезде (өтініш беру сәтте соңғы 12 ай ішінде):
25-тен 50 ат күшіне дейін – 3 балл;
50-ден 100 ат күшіне дейін – 4 балл;
100 ат күшінен жоғары – 5 балл;
3) ауылдық жерде тұрғылықты жері бойынша тіркелгені үшін (өтініш беру сәтінде кемінде бес жыл):
ауданда немесе облыстық маңызы бар қалаларда – 3 балл;
ауылдық округте – 5 балл;
4) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне – 3 балл;
5) қызметкерлердің болғаны үшін (өтініш берген сәтте әрбір қызметкерде соңғы үш айда зейнетақы және салық аударымдары болған жағдайда):
3-тен 10 қызметкерге дейін – 3 балл;
10-нан 20 қызметкерге дейін – 4 балл;
20 және одан да көп қызметкерге – 5 балл;
6) ісін жаңа бастаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (жеке тұлғалар) үшін – 5 балл;
7) әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болғаны үшін – 3 балл.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар бұрын оларға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері берілмеген жағдайда конкурсқа қатысады.
Екі немесе одан да көп конкурсқа қатысушының балдары тең болған кезде веб-порталда конкурсқа қатысуға бірінші өтінім берген қатысушы конкурс жеңімпазы болып танылады.
1) веб-портал балл сомаларын автоматты түрде салыстыруды жүргізетін қатысушылардың тізімі;
2) өтінім берілген күні мен уақыты;
3) жеңімпаз көрсетіледі.
Конкурс жеңімпазына конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін конкурс нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабарланады.
_________________
Согласовано
01.07.2024 16:53 Ергешбаев Марат Надилович
01.07.2024 17:01 Бижанов Даулет Ерназарович
01.07.2024 17:33 Темиржанов Мурат Баритович
Подписано
02.07.2024 16:43 Султанов Азат Сиражиддинович
|
Тип документа |
Исходящий документ |
|
Номер и дата документа |
№ 19-1-18/ТФ/1987-И от 02.07.2024 г. |
|
Организация/отправитель |
МИНИСТЕРСТВО СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
Получатель (-и) |
МИНИСТЕРСТВО ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
Электронные цифровые подписи документа |
Согласовано: Ергешбаев Марат Надилович без ЭЦП Время подписи: 01.07.2024 16:53 |
|
Республиканское государственное учреждение "Комитет по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Согласовано: БИЖАНОВ ДАУЛЕТ MIIR+gYJ...PtnHTig== Время подписи: 01.07.2024 17:01 |
|
|
Республиканское государственное учреждение "Комитет по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" Согласовано: ТЕМИРЖАНОВ МУРАТ MIISDAYJ...xxaX32A== Время подписи: 01.07.2024 17:33 |
|
|
Государственное учреждение "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан" Подписано: СУЛТАНОВ АЗАТ MIISUwYJ...RNuBbnMng Время подписи: 02.07.2024 16:43 |
|
|
Государственное учреждение "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан" ЭЦП канцелярии: МЕЙРХАНОВА АЙКЫН MIISnwYJ...pwWY8Ig== Время подписи: 02.07.2024 17:09 |
|
[[QRCODE]] |
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года N370-II «Об электронном документе и электронной цифровой подписи», удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание, равнозначен подписанному документу на бумажном носителе. |