«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Айту би және Балпық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қаратал ауданының Айту би және Балпық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төрайым А. Истыбаева
Хатшысы Д. Тлектесов
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 19 Қаулы
Үштөбе қаласы