"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Айту би ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
- Айту би ауылдық округі әкімінің сайлауы – Айту би сайлау округі Айту би ауылдық округі шекараларында.
- Қаратал ауданының Балпық ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
1) Балпық ауылдық округі әкімінің сайлауы – Балпық сайлау округі Балпық ауылдық округі шекараларында.
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төрайым А. Истыбаева
Хатшы Д. Тлектесов
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 18 Қаулы
Үштөбе қаласы