Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

               «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 8 қыркүйекке тағайындалған Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

                        Төрайым                                       А. Истыбаева

 

                        Хатшысы                                      Д. Тлектесов

Дата публикации
31 июля 2024