"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
- Тастөбе ауылдық округінің әкімінің сайлауы – Тастөбе сайлау округі Тастөбе ауылдық округі шекараларында;
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төрайым А. Истыбаева
Хатшы Д. Тлектесов
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 16 Қаулы
Үштөбе қаласы