Қаратал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   10-3 бабының 2 тармағы 11 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 16-5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Қаратал ауданында бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 485 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30958 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер енгізілсін, осы қаулының Қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
24 июля 2024