«Мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру жұмыстары туралы» Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 03 шілде күні, Қаратал ауданы әкімінің аппаратында «Мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру жұмыстары туралы» Семинары өтті. Семинарға Қаратал аудандық жер комиссиясының мүшелері, Үштөбе қаласының және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша баяндамашылардың ақпараттары толығымен қаралып, хаттама толтырылып, шешім қабылданды.

Дата публикации
04 июля 2024