2024 жылы 9 маусымда Елтай сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Елтай ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Елтай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 608 азамат енгізілді, оның 479-ы, немесе 78,8% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 11, «бәріне қарсы» деген жолда – 8.
Кандидаттар саны – 3, 1 – «AMANAT» партиясы ұсынды, 2 – өзін өзі ұсынғандар.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Зәбиев Ә.Қ. – 394; Саякбаев І.М. – 34, Таңсықбаев Е.Ж. – 32.
Елтай ауылдық округінің сайланған әкімі Әділбек Қазбекұлы Зәбиев, 1983 ж.т., Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2024 жылғы 9 маусымда сайланған Қаратал ауданы Елтай ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 10 маусымда №15 қаулысымен тіркеді.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы