«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен аудан тұрғындарына, шаруа қожалық басшыларына, заңды тұлғаларға

Заман тынысы кеңейіп, қоғам дамыған сайын жаңа талаптар мен қажеттіліктер туындайды. Сондай жаңа талаптардың бірі де бірегейі – ортақ ұйымдасу. Ортақ ұйымдасу аудан, қала, ауыл орталықтарының таза, жинақы болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуға септігін тигізеді. Қаратал ауданының, жергілікті әкімшіліктері өз аумақтарындағы мал иелеріне үшін аса маңызды ақпараттарды ұсынып, тұрғындардың бірқатар ескертпелерге назар аударуын сұрайды. Яғни ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабының 1-тармағында ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма (1 АЕК-3063) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан аудан тұрғындары малдарын өріске айдап және өрістен күтіп алуды сұраймыз. Егіндік алқаптарына иесіз мал жаю, сонымен келтірілген шығындарды, мал иелері толық түрде өтейді. Иесіз мал жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айып тұрағына айдалады. Полиция,жергілікті әкімшілік, сол аумақтағы малдәрігерлік пункттің малдәрігерлері малдың иесін сырға, тавро бойынша анықтайды. Мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.  Қаратал ауданында қараусыз жайылған малды уақытша қамайтын арнайы орындар жергілікті әкімшіліктің аумағындағы шаруа қожалықтарының аумақтарында жасақталынған. Бұл туралы қала, ауылдық ауылдық округ әкімдерімен теміржол учаскелерінде қараусыз жайылған малдардың мәселесіне қатысты өткізілген кеңесте айтылуда. Соңғы уақыттарда ауданда автомобиль жолдары мен теміржол учаскелерінде қараусыз мал жаю, оның ішінде сәйкестендірілмеген белгілерсіз мал жаю жағдайларының жиілеп кеткенін айтсақ, апаттық жағдайлардың туындауына әкеп, адам өміріне қауіпті қатерлерге соғатынын еске саламыз. Атап айтсақ, жергілікті басшылық иесіз жүрген төрт түлікті уақытша ұстайтын орындарды жасақтау үшін шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен және басқа да ұйымдармен осыған дейін жасалған меморандумдарды жаңартып, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы аулаларды аралаушылардың штаттық бірліктерін бөлуге берілетін өтінімдерді пысықтауы қажет. Сонымен қатар жергілікті қала, ауыл әкімшіліктері, сол  аумақтағы малдәрігер мамандарымен бірлесе отырып, анықталмаған ауыл шаруашылығы малдарын анықтау және оларды таңбалау үшін аулалық аралау жүргізуі керек. Осы орайда қала, ауыл әкімшіліктері таңбасыз малды жайған адамға еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертулері қажет.

 

«Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ

Дата публикации
30 мая 2024