Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 17 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 11 ақпанда № 3702 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. "Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М. Сырлыбаевқа осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі |
Қ. Бисембаев |