Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі шаруа/фермерлік қожалығын, ауылшаруашылық тауарлы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелеріне уақытша өтеулі (жалдау) ұзақ мерзімді 49 жылға жерпайдалану  құқығын беру бойынша ашық конкурс өткізеді.

Сатуды жүргізу орнының мекен-жайы: Алматы қаласы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі,            13 үй (Қапшағай қаласының әкімдігі ғимараты), 2 қабат, кіші зал.

Сатуды жүргізу күні: 15.09.2020 ж. Сатудың басталу уақыты: 15:00 сағат.

Өтініштерді қабылдау 31.08.2020 ж.-14.09.2020 ж.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі.

            Кокнурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң 30 күннен кейін, 15 жұмыс күн ішінде, яғни    2020 жылдың 31 тамызынан 14 қыркүйек күндері қабылданады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін  мына мекен жайдан алуға болады: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй, 1 қабат, 113 бөлме.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2020 жылдың 14 қыркүйек күні 16 сағат  00  минутқа дейін.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Қапшағай қаласының  жер қатынастары бөліміне мына мекен-жайға табыс етіледі: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй, 1 қабат, 113 бөлме.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2020 жылдың   15 қыркүйегінде 15 сағат 00 минутта мына мекен жайда ашылады: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй, 2 қабат, кіші зал.

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
11 сентября 2020