Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс істеуде?

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.   

 Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің өңірлік филиалдарының төмендегідей жұмыс тәртібі туралы хабарлайды.  

Жеті өңірде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сақталады (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% аспайтын бөлігі жұмыспен қамтылады). Күндізгі қабылдау Алматы, Шығыс Қазақстан (Қарауыл ауылы, Ақтоғай станциясы, Қалбатау ауылындағы бөлімшелерден және Семей қаласындағы өңірлік филиалдан басқа), Батыс Қазақстан, Қызылорда (Жаңақорған ауылындағы бөлімшеден басқа), Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ  Жезқазған қаласындағы өңірлік филиалда жүзеге асырылады.   

Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс істеуде?
Дата публикации
11 сентября 2020