"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 9 маусымда Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 1 мамырда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 9 маусымға тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық газеттерде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 17 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Елтай ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 602 адам.
2024 жылдың 2 мамырынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Елтай ауылдық округі әкімдігіне 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидатты «AMANAT» партиясы ұсынды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қаратал аудандық сайлау комиссиясы