Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

               Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Қаратал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 9 маусымға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қаратал ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қаратал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

            Аудандық сайлау

            комиссиясының төрағасы                                  А. Истыбаева

 

           Аудандық сайлау

           комиссиясының хатшысы                                   Д. Тлектесов

                             

 

2024 жылғы 1 мамырдағы

№ 4 Қаулы

Үштөбе қаласы

Дата публикации
01 мая 2024