КІРІСПЕ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Ішкі талдау жүргізудің негізі: «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 9-н/қ бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 2 сәуірден 12 сәуірге дейін. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылғы жұмыс кезеңі қамтылды.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау көздері ретінде бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер (заңдар, ереже, бұйрықтар, ережелер және өзге де НҚА), уәкілетті органдардың нұсқамалары, бөлімнің ішкі құжаттары, еркін қол жетімді материалдар мен құжаттар пайдаланылды.
Бөлім өз қызметін Қаратал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 04 шілдедегі № 291 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 51-ө н/н бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді: