Ағымдағы жылдың І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2024 жылда кәсіпкерлік бөлімінің атқарылатын жұмыстар бойынша ақпарат

Өнеркәсіп

       2024 жылға жоспар 3935 млн.теңге, индекс көлемі 65 пайызға орындалатыны күтілуде, азаю себебі «Казсиликон» ЖШС кремний өндіретін тоқтауына байланысты. 2024 жылдың І тоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 857,1 млн.тенге, ИФО 79,1 пайыз құрайды.     

         Өнеркәсіп саласында 23 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 14 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: Сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, балық өңдейтін «Қаратал Балық» ЖШС, профильдік бұйымдар шығаратын «Прогресс СМ» ЖШС, сыртқы киімдер тігетін «Қамқор» ЖШС, күріш өңдейтін «Уштобинский» ЖШС,  жылу энергиясын өндіретін «Жылту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау «Қаратал су» ЖШС, кремний өндіретін «Казсиликон» ЖШС, тұз өндіру бойыгша «Бақыт и К» ЖШС, «Отау Үштөбе» ЖШС жүнді өндеу цехы, «Адина соль» ЖШС-гі полиграфиялық қызмет, «Уштобинский РЭС» электр энергиясын тарату  және т.б кәсіпорындар жұмыс жасауда.

           Өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген, бірақ учаскелері біздің ауданда орналасқан жер қойнауын пайдаланушыларымен келіссөздер жүргізіліп, хаттар жолданды ("New live group", "RISH22", Жетысу Мунай,  «Шымыр-Кайра», "ТКНМ").

Дата публикации
18 апреля 2024