«Ветеринариялық пункттері бар Қаратал ауданының ветеринарялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жоспарлаған және 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет

Жалпы мәлімет

Аудан көлемінде орналасқан 10 ауылдық округтерінің 35 елді мекендерінде ветеринариялық саласындағы жұмыстарын  аудандық ветстанцияда 5 ветеринарлық маманы және олармен бірге ауылдық округтерде 61 ветеринария мамандары  жүргізді.

Аудандық ветеринариялық станция, Бастөбе, Елтай, Ескелді, Тастөбе ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттері өз ғимараттарымен қамтамасыз етілген.

Ветеринариялық станциясында биопрепараттарды сақтауға арналған  жабдықтар:

ветеринариялық станциясында: -орташа температурадағы екі тоңазытқыш қондырғысы бар тоңазытқыш камерасы -1, тұрмыстық тоңазытқыш – 4;

округтердегі 10 ветеринариялық пункттерде: -20 тұрмыстық тоңазытқыш.

Ветеринарлық станцияның иелігінде 11 Нива автокөлігі, 2 жеңіл Chevrolet Cobalt автокөлігі, дезинфекция қондырғысымен жабдықталған УАЗ автокөлік, SsangYong пикап автокөлігі, Mitsubisi L200 пикап автокөлігі, 1 малды санитарлық союға тасымалдауға арналған жүк автокөлігі бар.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлар бірдейлендіру (АШЖБ) базасында тіркелген мал саны (бас):

 

Мал түрі

МІҚ

МҰМ

Шошқа

Жылқы

Түйе

Саны

49901

126231

8329

13036

141

                  с.і. аналық

32970

90797

2225

5288

114

 

Мал иелерінің саны -2503, оның ішінде ЖШС, ШҚ -357.

Дата публикации
18 апреля 2024