Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2024 жылдың 1 тоқсанында көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы АҚПАРАТ

Қаратал ауданы әкімдігінің «Қаратал ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат санының лимиті туралы» қаулысына сәйкес «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің  штат саны лимиті  5 бірлік болып бекітілген. Оның ішінде: бөлім басшысы - 1, сектор меңгерушісі – 1, бас маман - 3.

Мүгедектегі бар адамдарға және жалғыз басты қарттарға үйде көмек көрсету бөлімшесінде 14 әлеуметтік қызметкерлер, 1 бағалаушы, 1 кеңесші, 1 меңгеруші 92 қарттарға, оның ішінде 6 мүгедек жандарға әлеуметтік қызмет көрсетеді (Ағымдағы жылы Текели қаласына «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 3 қарт және «Қаратал» күндізгі болу орталығына 3 мүгедектегі бар адам орналастырылды.)

Бөлім басшысы қарттарға және мүгедектегі бар адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы қызметтер көрсету жөніндегі бөлімшелердің меңгерушілерімен бірлесіп, үйлеріне барып мониторинг жүргізеді.

Барлығы 92 қартты, оның ішінде 6 мүгедектегі бар адамды қамту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 35 адам мониторингпен қамтылды.

Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2007 жылдан бастап мүгедектегі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады.

 Бөлімшеде стандартқа сәйкес 70 мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі  тірек - қимыл аппараты бұзылған 19 мүгедектігі бар  балаларға және 18-ден асқан 51 психоневралогиялық ауытқылары бар  азаматтарға   үйде арнаулы  әлеуметтік 8 қызметтер түрі көрсетіледі. 

Атап айтқанда: Әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік - психологиялық, әлеуметтік - еңбектік, әлеуметтік - мәдениеттік, әлеуметтік - эконоикалық, әлеуметтік – құқықтық.

 Штаттық кесте бойынша бөлімшеде 1 меңгеруші, 1 кеңесші және 18 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады, әр бір әлеуметтік қызметкерге 18 жасқа дейін мүгедектігі бар  балаларға  және 18-ден асқан мүгедектігі бар азаматтардың жүріп - тұру қабілетіне, денсаулығына байланысты күтім жұмыстары жүктелінген.

 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес 2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызметтің 16 түрінен барлығы 921 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бүгінгі күні аудан бойынша тіркеуде тұрған мүгедектер саны 1621 адам. (Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 173, I  топтағы жандар 172 адам, II топтағы жандар 649 адам,  III – топтағы азаматтар 627 адам.).

  Мүгедектігі бар азаматтардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші құралдарға (кресло-арбалар, протездеу, санаторий-курорттық емдеу, жөргектер және т. б.) 242 өтініш қабылданды.

Оның ішінде:

14 мүгедек протездік-ортопедиялық көмекпен;

11 мүгедек сурдотехникалық құралдармен;

1 мүгедек тифлотехникалық құралдармен;

14 мүгедек  қол-арбамен;

8 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен;

87 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен;

15 мүгедек тіл мамандарының қызметімен;

92 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы  86 жеке көмекшінің жалақысына 21 миллион (оның ішінде 81 адам үкіметтік емес ұйым арқылы, 4 адам  жеке тұлғалар ретінде) және 1 топтағы мүгедектігі бар 15 адам ымдау тілі маманының жалақысына 1219,0 мың теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Сонымен қатар, «Инватакси» қызметін дамытуға жергілікті қаражат есебінен және ауданымызға тегін тасымалдауға бөлінген 1 автокөлікке арналған шығыстар ағымдағы жылдың 11 сәуіріне 2405,0 мың теңге игерілді. Мүгедектігі бар 27 адамға барлығы 2285 өтінім берілді.

2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 1 миллиард 244 миллион 195 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарлануда, оның ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 516 миллион 978 мың теңге.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына АӘК-ке 824 отбасы өтініш білдірген, оның 631 отбасына тағайындалып, оларға 1 тоқсанға 121737,4 мың теңге  атаулы әлеуметтік көмек төленді. 193 отбасына учаскелік комиссия шешімімен және отбасылық орташа табысының кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты, АӘК тағайындалмады. Қазіргі таңда ағымдағы жылдың 2 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмекке 355 адам өтініш білдірген, аталған өтініштер учаскелік комиссияда қаралуда.

2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда, бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 60 отбасыға азайып, атаулы әлеуметтік көмекке  төленген сомма 17579,8 мың теңгеге үнемделген.

Еңбекке қабілетті 713 азаматтың 509 - і немесе 71,4 пайызы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған.

1 жастан 6 жасқа дейінгі  балалары бар отбасыларға төленетін қосымша төлем бойынша 1500 балаға 88 миллион 708 мың теңге жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейін балалары бар 491 отбасыға, оның ішінде 1 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5538 теңге) барлығы 1 тоқсан үшін  507 отбасы, оның  864 балаға  14167,4 мың теңгеге төлем жүргізілді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800 ден астам алушыға 78 миллион 796 мың теңге.

Аз қамтылған отбасылардың бала-бақшада тәрбиеленіп жатқан 169 балаларына  тамақтануы үшін  жыл басынан   5955,1 мың теңге төленді

Әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруына  шалдыққан  тіркеуде тұрған 20  азаматтардың құжаттары қабылданып, оларға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18460 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан 3 айға 1260,0 мың теңге  төленді.

АИТВ індетіне шалдыққан 3 балаға жыл басынан қаңтар, ақпан, наурыз  айларына 1185,8 мың  теңге тағайындалып, төленді.

Аудан әкімдігі жанындағы «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның өтінішін қарау» жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен әлеуметтік көмек: 2 азаматқа 181,2 мың теңге сомаға тағайындалды

Ауған соғысына қатысқан азаматтарға төленетін біржолғы көмекке                      39 адамға 7800,0 ың теңге (1 адамға 200 000 теңге) төлем жүргізілді.

2024 жылдың сәуір айының соңында 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісінің 79 жылдығына төлемдер жүргізіледі деп жоспарлануда. Барлығы 10 миллион 620 мың теңгеге 132 адам қамтылады.

500 адамға тұрғын үй көмегіне 21 миллион 390 мың теңге, төлемдер 2024 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында жоспарланған;

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек - 16 миллион 134 мың теңге. Төлем 2024 жылдың мамыр айында 874 адамға жоспарланып отыр.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту үшін кеткен шығындарды өтеу  мемлекеттік қызметі бойынша – 3810,0 мың теңге, жыл басынан 41 адамға жәрдемақы тағайындалып, 872,0 мың теңге төленді.

«Үміт» жобасы туралы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру – 3704,0 мың теңге.

Мемлекеттік сатып алуға сәйкес «Алпамыс» мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтарға күтім жасау жөніндегі қоғамдық бірлестік өнім беруші болып табылады. Шарттың сомасы 3283,4 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда жобаға сәйкес 10 қарт азаматқа қызмет көрсетуге 388,0 мың теңге жұмсалды.

Отбасын қолдау орталығының ашылуы - 60 миллион теңге.

2024 жыл ішінде ауданда Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы сессиясының № 16-56 шешіміне сәйкес 60 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.

Бұл қаражат қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдау орталығын ашуға арналған.

Орталық зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған осал тобындағы адамдарға қызмет көрсетуге арналған.Орталық 15 орынға есептелген. Қазіргі уақытта орталықты ашу үшін үй жайлар іріктелуде.

2024 жылдың 1 тоқсанына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатын игеру 99,9% құрады (жоспар-197523,0 мың теңге, игерілгені-197297,7,0 мың теңге).

Дата публикации
17 апреля 2024