Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

2024 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2303, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 90, электрондық ақпарат жүйесі арқылы – 792, Мемлекеттік корпорация арқылы – 82, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (электрондық ақпараттық жүйесі  арқылы «е-лицензирование») - 1339.

           2024 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 64 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күнддер мен жәрмеңкелер, акциялар өткізілді.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 77-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2023 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 айдың қорытындысы бойынша үш мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-сі», «Айтуби ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тәртібі бұзылған фактілер анықталмады.

Қаратал ауданы әкімдігінің медиа – 2024 жылдың жоспарына (мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі БАҚ-да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басылымға шығуы) сәйкес жыл басынан аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 2 мақала  жарияланды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат, аудандық АМАНАТ партия депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 4 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жақсарту мақсатында тоқсанына бір рет аудандық фракция және қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшыларының жұмыстары талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 50 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, есептік кезеңде бұрыштар арқылы 695 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сервистік әкімдік арқылы 3710 қызмет көрсетілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден  негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.

Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен қағидалар, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген.

         Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы болып отыр.

 

Дата публикации
12 апреля 2024