БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 11,8 триллион теңгеге жетті

2020 жылдың 1 шілдесіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 11,8 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. 01.07.2019 жылдан 01.07.2020 жылға дейін сома шамамен 1,7 триллион теңгеге немесе 18% - ға өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 11,5 трлн теңгені құрады (жыл басынан бергі өсім – 9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 279,8 млрд теңге (өсім – 14%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге жетті (өсім – 7 %).

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллионнан астам бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құрады, ал 1 шілдеде бұл көрсеткіш 11,7 миллионға жетті (11 680 886). Осылайша, жыл басынан бергі өсім 9% болды.

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 11,8 триллион теңгеге жетті
Дата публикации
07 сентября 2020