Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» № 413-IV Заңының 6 тарауын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 84, 85 - бабтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 қазандағы «Үштөбе қаласының Бас жоспарын бекіту туралы» № 28-125 шешімімен бекітілген, Үштөбе қаласының бас жоспарын орындау мақсатында «Сары - Есик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншік иесіндегі кадастрлық нөмірі 03:270:011:847, Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Привокзалдық алаңы №8 мекен жайындағы жалпы алаңы 0,2240 га жер учаскесі мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен сатып алу жолымен шығарылсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2020 жылдың 2 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. «Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажына жер телімін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы, жер телімінің меншік иесімен мемлекеттік емес заңды тұлғаны, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік           3 күні аралығында жазбаша түрде хабарлансын, Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа да қажетті шаралар қабылдансын.
  4. Жер телімінің меншік иесімен мемлекеттік емес заңды тұлғамен келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, меншік иесінің жүгінетін орны Үштөбе қаласы, Құсмолданов  көшесі, 21  ғимаратында орналасқан «Қаратал ауданының жер қатынастары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі танылсын (Д.Ұзақбай).

          5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е..Әпековке жүктелсін.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Дата публикации
03 сентября 2020