2024 жылдың 26 наурыз күні сағат 09.00-да аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті №1 отырысы өткізілді

2024 жылдың 26 наурыз күні сағат 09.00-да аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті №1 отырысы өткізілді

 

2024 жылдың 26 наурыз күні сағат 09.00-да аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті №1 отырысы өткізілді.

Мәжіліске комиссия мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары мен Үштөбе қаласы және аулдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қолжеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және ауылдық округтерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» бойынша қабылданатын шаралар туралы. Мемлекеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округі әкімдері баяндамаларды хабарлады.

Комиссия отырысында қаралған екінші мәселе – Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығы деңгейін арттыруға бағытталған шаралар туралы. Мемлекеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округі әкімдері баяндама жасады.

Хабарламадағы атап өтілген  маңызды мәселелер қаралып жұмыстарды жалғастыру туралы ұсыныстары түсті. Жиын барысында қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі лауазымды тұлғаларға қызметтерін атқару кезінде заңдылықтың бұзылмауын ескерте келе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау, мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыруды және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызметтерін жүргізу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлылық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.

Дата публикации
27 марта 2024