Қаратал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 65-234 «Қаратал ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы            23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының        1) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты                                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаратал аудандық мәслихатының «Қаратал ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 65-234 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5379 тіркелген, 2020 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 10 093 408 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 470 412 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 8 721 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 115 728 мың теңге;

трансферттер түсімдері 9 498 547 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 4 781 705 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 807 065 мың теңге;

субвенциялар 3 909 777 мың теңге;

2) шығындар 12 366 562 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 37 604 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 58 338 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 20 734 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 310 758 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                           2 310 758 мың теңге».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының «Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қаратал аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Пусурманов

Қаратал аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы

 

Р. Ахмедчинов

 

     
     
Дата публикации
20 августа 2020