2023 жылғы 29 қазанда өткен Қаратал аудандық мәслихаттың
шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары
туралы хабарлама
2023 жылғы 29 қазанда № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қаратал аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2964 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2187 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 14 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратал аудандық мәслихаты депутатын сайлауның мынадай қорытындылары белгіленді:
П. И. Амелин үшін сайлаушылардың 644 дауысы берілді,
Р. Б. Хосен-Оглы үшін сайлаушылардың 1462 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 50.
Сайлау қорытындысына сәйкес № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратал аудандық мәслихаттың депутаты болып - Руслан Бижанович Хосен-Оглы сайланды, 1978 жылы туған, «Мадина» ЖК директоры, Қаратал ауданы.
Қаратал аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы