Жетісу облысы Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

Жетісу облысы Қаратал ауданы

Қызылбалық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

           2023 жылы 24 қыркүйекте Қызылбалық сайлау округі бойынша Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қызылбалық ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

            Қызылбалық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 648 азамат енгізілді, оның 560-ы, немесе 86,4% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны – 11, «бәріне қарсы» деген жолда – 25.

         Кандидаттар саны – 3, 3 – өзін өзі ұсынғандар.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Берекетай С.Б. –323; Таңсықбаев Е.Ж. – 117; Шуратбаев М.Б. – 84

            Қызылбалық ауылдық округінің сайланған әкімі Саян Берекетайұлы Берекетай, 1996 ж.т.,  «Әзімбай» ШҚ басшы орынбасары, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Көпбірлік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Amanat» партиясының мүшесі.

           Қаратал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес, 2023 жылғы 24 қыркүйекте сайланған Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округінің әкімін 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 48 қаулысымен тіркеді.

                                    

Қаратал аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 сентября 2023