Жетісу облысы Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну туралы ХАБАРЛАМА

Жетісу облысы Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округі  әкіміне кандидаттар ұсыну туралы

ХАБАРЛАМА

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы    24 қыркүйекте Қызылбылық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2023 жылғы 17 тамызда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы                 Қызылбалық ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Қаратал» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 17 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қызылбалық ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 648  адам.

2023 жылдың 18 тамызынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

Кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына қарай Қызылбалық ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды. Барлық кандидаттар бойынша мемлекеттік органдарға сұранымдар жолданып, сәйкестіктері анықталды.

  Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

 

Қаратал аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
04 сентября 2023