|
|
Қазақстан Республикасында |
|
|
|
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу |
ҰЭМ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері |
2021 жылдың II жартыжылдығы - 2025 жылдың I жартыжылдығы |
|
2. |
Мыналарды: мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлері (орталық - облыс - аудан - ауыл) арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратуды; жергілікті өзін-өзі басқарудың алқалы органы - Кеңесті ұйымдастыруды көздейтін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
заң жобасы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы ақпан |
|
3. |
Тексеру комиссияларының қызметін: оларды мәслихаттың тұрақты комиссиясы арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін қолдану; мәслихаттың тексеру комиссияларының мүшелерін тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Есеп комитетімен келісу бойынша тағайындауы арқылы күшейту |
заң жобасы |
ЕК, мүдделі мемлекеттік органдар |
2022 жылғы ақпан |
|
4, |
2024 жылғы қаңтар - желтоқсан аралығында әкім аппаратын жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігі етіп қайта құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру |
заң жобасы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы ақпан |
|
5. |
Мыналар арқылы азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту құралдарын енгізу: |
|
|
|
|
5.1 |
қоғамдық маңызы бар шығыстар бөлігінде қоғамдық сараптама (онлайн-пікіртерім) өткізу; |
ҰЭМ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы желтоқсан |
|
5.2 |
жергілікті өзін-өзі басқару негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу; |
ҰЭМ-ге ақпарат |
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
жыл сайын |
|
5.3 |
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына қол жеткізуін қамтамасыз ету, |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы желтоқсан |
|
5.4 |
"Сommunity center" - ауыл тұрғындарын тарту және ауылдың қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігі орталықтарын ұйымдастыру |
ҰЭМ-ге ақпарат |
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2025 жылғы маусым |
|
5.5 |
оқушылар үшін қосымша білім беру шараларын ұйымдастыру |
ҰЭМ-ге ақпарат |
БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2025 жылғы қазан |
|
6. |
Мәслихаттар қызметінің тиімділігін: мәслихат отырыстарының онлайн-трансляциясын енгізу; мәслихат депутаттарына петициялар жасау (қол жинау) құқығын беру арқылы арттыру |
ҰЭМ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, барлық деңгейдегі мәслихаттар |
2022 жылғы сәуір |
|
7. |
Өңірлерді бюджеттік қаржыландырудың жаңа моделін енгізу |
заң жобасы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы желтоқсан |
|
8. |
Салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін беру жолымен бюджеттің IV деңгейінің кіріс базасын кеңейту |
заң жобасы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2023 жылғы сәуір |
|
9. |
Облыстарда аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу |
заң жобасы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері |
2023 жылғы сәуір |
|
10. |
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктік кешенін: |
|
|
|
|
10.1 |
түгендеу жүргізу; |
ҰЭМ-ге ақпарат |
облыстардың әкімдіктері |
2022 жылғы тамыз |
|
10.2 |
құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу рәсімдерін оңайлату; |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2022 жылғы желтоқсан |
|
10.3 |
ауылдық округтердегі объектілер үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу арқылы кеңейту |
ҰЭМ-ге ақпарат |
ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың әкімдіктері |
2023 жылғы сәуір |
|
11. |
Қалалардағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайланбалылығын енгізу мәселесін пысықтау |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2025 жылғы сәуір |
|
12. |
Әкімшілік-аумақтық құрылыс стандарттарын енгізу |
ҰЭМ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
2025 жылғы сәуір |